Жітіқара ауданы Степной ауылдық округі 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степной ауылдық округі 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 52 565,0  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2 002,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсiмi бойынша – 50 563,0 мың теңге;

2) шығындар – 52 565,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттен Степной ауылдық округі бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 50 563,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған Степной ауылдық округі бюджетінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 0,0 мың теңгені құрайтыны ескерілсін.
  3. Кезекті қаржы жылына арналған Степной ауылдық округі бюджетінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленбегені ескерілсін.
  4. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
О бюджете Степного сельского округа Житикаринского района на 2025-2027 годы
Дата публикации
17 декабря 2024