Ереже

Жітіқара ауданы

әкімдігінің 2024 жылғы

22 қаңтардағы № 9 қаулысына 1 -қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жітіқара ауданы Степной ауылдық округі  әкімінің  аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже       

 

  1. Жалпы ережелер
  2.                 «Жітіқара ауданы Степной  ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі – ауылдық округ әкімінің аппараты) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумагында мемлекеттік басқару функциясын орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сайкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Ауылдық округ әкімінің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.       
  6. Ауылдық округ әкімінің аппараты тарап ретінде әрекет етуге құқылы егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар.        
  7. Ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110711,Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Степной ауылдық округі, Степное ауылы, Минская көшесі, 12 /1 құрылыс.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жітіқара ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  10. Ауылдық округ әкімінің аппараты аудан әкімдігімен құрылады,таратылады және қайта құрылады.
  11.    Ауылдық округ әкімі аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсүге тыйым салынады.

2.Негізгі міндеттері, функциялары, ауылдық

округ әкімі аппаратының құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеттері:әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

Функциялар:

Өз құзыреті аясында ауылдық округ әкімінің аппараты:

  • жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиының, жергілікті жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиының, жергілікті қоғамдастықтың жиыны мен жиналысың шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы оларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
  • жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданган және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
  • ауылдық округ бюджетінің жоспарлануын және орындалуын қамтамасыз етеді;
  • жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудандық мәслихатқа ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп береді;
  • ауылдық округ бюджетің іске асыру шешім қабылдайды;
  • жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді жыне жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
  • ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу,реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші болады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекеттік мүдделерін білдіреді, аудандық мыңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) меншік құқығын қорғауды жүзеге асырады;
  • сенімгерлік басқарушының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  • мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) орналасқан коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-озі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайлаланылуын қамтамасыз етеді;
  • өз құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
  • аз қамтылган адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілейді;

Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша:

  • өз  құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін шешеді және жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарртарын дайындауды және жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кенілге, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
  1. Әкім аппаратының өз құзыретішегінде құқығы бар:

1) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

2) мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға;

3) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық дерекқорларын пайдалануға;

4) шарттар, келісімдер жасасуға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға міндетті.

  1. Өз құзыреті шегінде ауылдық округ әкімі аппаратының міндеттері:

1) қолданыстағы заңнамаға свйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының қолжетімділігін, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық отқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсымаларын сапалы және уақтылы орындауға міндетті;

4) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті;

 

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

 

  1. Ауылдық округ әкімінің аппаратын ауылдық округ әкімі басқарады, ол ауылдық округ әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөжінде шаралар қолданбағаны үшін дербес жауапты болады.

 Мемлекеттік органның жұмыс режимі осы Ережемен айкындалады. Жұмыс уақытының ұзақтығы және еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  1. Ауылдық округ әкімі Казақстан республикасының президенті айкындайтын тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады және қызметтен босатылады.
  2. Ауылдық округ әкімінің өкілеттігі:

1) әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

2) жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданғаншешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын және (немесе) түсімдерді үнемдеу есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің өз иелігінде қалатын тауарларды

 (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

5) ауылдық округтің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

6) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

7) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдемдеседі;

8) ауылдық округ әкімі аппаратының аппараты туралы ережені, аппараттың құрылымы мен штат саны бойынша ұсынысты әзірлейді және оларды аудан әкімдігіне бекітуге енгізеді;

9) заңнамада белгіленген тәртіппен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін көтермелеу, материаодық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

10) ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

11) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, азаматтардың  өтініштерін, шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сйкес өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ауылдық округ әкімі болмаған оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Жітіқара ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (сенбі және жексенбіден басқа), демалу және тамақтану үшін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен белгіленеді.

 

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Ауылдық лкруг әкімі аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкі меншік иесі берген мүлік жыне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.

Ауылдық округ әкімінің аппаратына бекітілген мұлік коммуналдық меншікке жатады.

  1. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, ауылдық округ әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

 

  1. Ауылдық округ әкімі аппаратын қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

Ереже
Дата публикации
04 июля 2024