Жітіқара ауданы Степной ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

 

Жітіқара ауданы Степной ауылдық округінің  2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының              1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 534 қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 84 шешіміне сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степной ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларғасәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер – 50 263,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша –  1 936,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсiмi бойынша – 48 327,0 мың теңге;

2) шығындар – 50 263,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                 0,0 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттен Степной ауылдық округінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 30 124,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған Степной ауылдық округінің бюджетінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 0,0 мың теңгені құрайтыны ескерілсін.
  3. 2024 жылға арналған Степной ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

1) 2024 жылға арналған азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге.

  1. 2024 жылға арналған Степной ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

1) Степной ауылының көшелерін жарықтандыруды монтаждауға.

  1. 2024 жылға арналған Степной ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

1) Степной ауылдық округінің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

2) Степной ауылының аумағында футбол алаңын дайындау және орнату жөніндегі жұмыстарға.

  1. Кезекті қаржы жылына арналған Степной ауылдық округінің бюджетінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленбегені ескерілсін.
  2. Жітіқара аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылсын:

1) Жітіқара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 105 «Жітіқара ауданы Аққарға ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 191737 болып тіркелген);

2) Жітіқара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 110 «Жітіқара ауданы Степной ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 191584 болып тіркелген).

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданы Степной ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Дата публикации
08 февраля 2024