Жітіқара ауданының Степное ауылының 2022-2024 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, ҚР-ның 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлері және мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылады.
Степное ауылының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту 2021 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр.
Ауыл бюджетіне жоспарланған түсімдер – 24 203 мың теңге, оның ішінде:
Салық түсімдері - 843,0 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
Трансферттер түсімдері - 23 360,0 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша мыналар жоспарланады:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер - 22 712,0 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 1 191,0 мың теңге;
Көлік және коммуникация - 300,0 мың теңге.