Жітіқара ауданы Степной ауылының 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Жітіқара ауданы Степной ауылының 2024-2026 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

  • бөлім. Бюджетті жоспарлау және бекіту

 

           2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, 2024-2026 жылдарға арналған ҚР бюджеттік параметрлері мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және емлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылды.

           Аудандық бюджеттің бекітілуіне байланысты мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №110 "Жітіқара ауданының Степной ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімімен ауылдың па-раметрлері бекітілді.

 

  • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 77-VII Заңымен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап орнатылды:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 28215 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57853 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;

5) Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге.

 

1.2. Степной ауылының бюджеттінің түсімдері мен шығыстары

Ауыл бюджеті Жітіқара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы "Жітіқара ауданының Степной ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы" №110 шешімімен бекітілген.

 

Түсімдер

2024 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі 41204 мың теңге көлемінде бекітілген, оның 22639 мың теңге субвенция тиесілі.

2024-2026жылға арналған ауылының бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі көзделген, оның ішінде:

1) мемлекеттік қызметшілерге жаңа еңбекақы төлеуді енгізуге;

2) елді мекеннің санитариясын қамтамасыз ету;

3) жолдарды қысқы күтіп ұстау.

Сондай-ақ, жоғары тұрған бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеру көзделген

Кестеде 2022-2024 жылдарға арналған түсімдердің көлемі келтірілген.                                                                

 

 мың теңге

Түсімдер

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Барлығы

41204

24200

24483

Салықтық түсімдер, оның ішінде:

1286

1130

1373

меншікке салынатын салықтар

1196

1237

1277

тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар

88

91

94

Салықтық емес түсімдер, оның ішінде:

2

2

2

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

0

0

0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

39918

22870

23110

ағымдағы нысаналы трансферттер

17279

0

0

субвенция

22639

22870

23110

 

Шығындар

2024-2026 жылдарда бюджеттік шығыстардың саясатының негізгі басымдықтары  ауданның экономикасын дамыту тиімділігін арттыру үшін жағдай жасаумен қатар мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау болып табылады.

Степной ауылының 2024 жылға арналған бюджетінде шығыстар ауылы абаттандыруға көзделген.

                                                                          мың теңге

Шығындар

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Барлығы

24203

24200

24483

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, оның ішінде

22961

23172

23409

аудандық маңызы бар қаланың, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің  қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

22961

23172

23409

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, оның ішінде

17613

751

784

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

1548

751

784

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

0

0

0

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

16065

277

290

Көлiк және коммуникация, оның ішінде

630

0

0

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

630

0

0

 

1.3. Степной ауылың бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңгені құрайды.

 

Жітіқара ауданы Степной ауылының 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Дата публикации
11 января 2024