" Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Өтініш келіп түскен сәттен бастап отыз жұмыс күніне дейін.
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, сұралып отырған жер учаскесін қала құрылысы құжатына сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру;
Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасын келіскен кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару, жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу.
Көрсетілген мерзімдерге мына кезеңдер кірмейді:
көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесін бөлу схемасын келісуі;
жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: бірінші кезең:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21336 болып тіркелген) бекітілген "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) жер учаскесінде орналасқан ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) пайдалануға беру актісінің электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсаттың электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) техникалық шарттары бар сәулет-жоспарлау тапсырмасының электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) кондоминиум құру туралы хаттаманың электрондық көшірмесі;
4) кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау туралы көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жалпы жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі;
4) жер учаскесін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда – төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімінің электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысуын растаушы құжаттың электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының жер учаскесінің орналасқан жерінің координаттары бар қорытындыларының электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігі және байланыс және энергетика уәкілетті органдарының келісу парағының электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
8) тармақшасына сәйкес халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланылатын объектілер (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылысжайлары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым) үшін, сондай-ақ арнайы мақсаттағы объектілер үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) коммуникациялар төсеу схемасының электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) арнайы есепке қою туралы хабарламаның электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарттың немесе концессия шартының электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарттың немесе концессия шартының электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;
3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;
2) құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) жер учаскесіндегі жер үлесін есептеу бойынша құжаттың электрондық көшірмесі;
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісінің (қажет болған жағдайда) электрондық көшірмесі.
Екінші кезең:
көрсетілетін қызметті алушымен келісілген жер учаскесін бөлу схемасы.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі;
2) жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз)жер пайдалану (жалдау) шарты;
3) сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
4) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар;
Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін рәсімдеу кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жер үлесін көрсете отырып және жер учаскесін бөлу схемасымен қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі;
2) жер үлесі көрсетілген жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз)жер пайдалану (жалдау) шарты;
3) сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
4) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар;
не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Жер кодексінің 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Жер кодексінің 44-2-бабының 10-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес келісу туралы сұранымына келісуші органдардың теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.