"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 820 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң
қарауына енгiзiлсiн.
Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау
тәртiбi туралы
Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға
байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арыз - тұлғаның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа тұлғалардың
құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда жәрдем көрсету туралы өтiнiшi не
заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылуы, мемлекеттiк
органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың
жұмысындағы кемшiлiктер туралы хабарлама не аталған органдар мен лауазымды
т ұ л ғ а л а р д ы ң қ ы з м е т i н с ы н а у ;
2) иесi бүркемеленген өтiнiш - оның авторын белгiлеу мүмкiн емес, қол қойылмаған
не арыз берушiнiң тұрғылықты немесе орналасқан жерi көрсетiлмеген өтiнiш;
3) қайта жасалған өтiнiш - бiр тұлғадан бiр мәселе бойынша кемiнде екi рет келiп
т ү с к е н :
уәкiлеттi органға келiп түскен алдыңғы өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге
ш а ғ ы м ж а с а л ғ а н ;
бұрын жiберiлген өтiнiш келiп түскен уақыттан бастап заңнамада белгiленген қарау
мерзiмi өтiп кетсе, алайда арыз берушi жауап алмаған болса, оның уақтылы қаралмауы
т у р а л ы х а б а р л а н ғ а н ;
алдыңғы өтiнiштi қарау және ол бойынша шешiм қабылдау кезiнде жiберiлген басқа
д а к е м ш i л i к т е р к ө р с е т i л г е н ө т i н i ш ;
4) өтiнiш - уәкiлеттi органға немесе лауазымды тұлғаға жiберiлген жеке немесе
ұжымдық жазбаша ұсыныс, арыз, шағым немесе сұрау, сондай-ақ ауызша өтiнiш;
5) өтiнiштi есепке алу - өтiнiштi қабылдау және қарау жөнiндегі мәлiметтердi тiркеу
және оларды мемлекеттiк құқықтық статистикалық есепте көрсету;
6) өтiнiштi қабылдау - уәкiлеттi органның, лауазымды тұлғаның жеке және заңды
тұлғалардың өтiнiшiн қабылдаудағы iс-қимылы;
7) өтiнiштi қарау - уәкiлеттi органның, лауазымды тұлғаның Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде тiркелген өтiнiш
б о й ы н ш а ш е ш i м қ а б ы л д а у ы ;
8) өтiнiштi тiркеу - ақпараттық есепке алу құжатында өтiнiштiң мазмұны жөнiндегi
қысқаша деректердi тiркеу және келiп түскен әрбiр өтiнiшке тiркеу нөмiрiн беру;
9) сұрау - тұлғаның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық тудыратын
мәселелер жөнiнде ақпарат беру туралы өтiнiшi;
10) уәкiлеттi органдар - мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
, жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi жүз пайызды құрайтын не мемлекеттiк
тапсырыс және/немесе мемлекеттiк сатып алу шарттарына сәйкес қызметтердi,
тауарлар мен жұмыстарды ұсынатын, өздерiнiң құқықтық мәртебесiн айқындайтын
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыреттерiне сәйкес жеке
және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша шешiмдердi қарауға және қабылдауға
қ ұ қ ы л ы з а ң д ы т ұ л ғ а л а р ;
11) ұжымдық өтiнiш - екi және одан көп жеке және/немесе заңды тұлғалардың
ө т i н i ш i ;
12) ұсыныс - тұлғаның заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi,
органдардың қызметiн жетiлдiру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен
қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және өзге де қызмет салаларын жақсарту
ж ө н i н д е г i ұ с ы н ы м ы ;
13) пiкiр - тұлғалар сол арқылы мемлекет жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы
саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын
б i л д i р е т i н ө т i н i ш т ү р i ;
14) шағым - тұлғаның өзiнiң бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды
мүдделерiн не басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды
мүдделерiн қалпына келтiру туралы талабы.
2-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау
тәртiбi туралы заңнама
1. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңнама
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда
белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi
қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбiн
қамтамасыз ету жөнiндегi әрекетi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
органдарына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, жарғылық капиталындағы
мемлекеттiң үлесi жүз пайызды құрайтын не мемлекеттiк тапсырыс және/немесе
мемлекеттiк сатып алу шарттарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi
ұ с ы н а т ы н з а ң д ы т ұ л ғ а л а р ғ а қ о л д а н ы л а д ы .
2. Осы Заңның әрекетi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық
бұзушылық, қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу туралы заңнамасында және
Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген жеке және заңды
тұлғалардың өтiнiштерiне қолданылмайды.
4-бап. Осы Заңның қағидаттары
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға байланысты құқықтық
қатынастарды реттеудiң негiзгi қағидаттары:
з а ң д ы л ы қ ;
өтiнiштерге қойылатын талаптардың бiрыңғайлығы;
жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң
с а қ т а л у ы н а к е п i л д i к б е р у ;
өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерi мен әуре-сарсаңға жол бермеу;
ж е к е ж ә н е з а ң д ы т ұ л ғ а л а р д ы ң т е ң д i г i ;
өтiнiштердi қарау кезiндегi уәкiлеттi органдар мен лауазымды тұлғалар қызметiнiң
ашықтығы болып табылады.
5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер
1 . М ы н а л а р қ а р а у ғ а ж а т п а й д ы :
1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не
мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер қамтылған
және олардың құзыреттерiне сәйкес мемлекеттiк органдарға дереу жiберiлуге тиiс
жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiштер;
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiштер;
3) егер алдыңғы өтiнiштi тексеру материалдарында арыз берушiнiң болып жатқан
оқиғаларды барабар бағалауына мүмкiндiк бермейтiн психикалық ауруы туралы
айғақтайтын құжат болса, қайта жасалған өтiнiштер;
4) егер олар қылмыстық процеске қатысушылар болып табылмайтын тұлғалардан
түссе және бұрын оларға қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының ережелерiне түсiнiк
берiлген болса, қылмыстық iс материалдары жөнiндегi өтiнiштер;
5) осы Заңның 13-бабында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн бағыныстылық
немесе шешiм қабылдау тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе уәкiлеттi
органға берiлген лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе уәкiлеттi
о р г а н д а р д ы ң ш е ш i м д е р i н е ж а с а л ғ а н ш а ғ ы м .
2. Егер өтiнiштi қарамай қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса,
уәкiлеттi орган немесе лауазымды тұлға көрсетiлген өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.
6-бап. Жазбаша өтiнiшке қойылатын талаптар
1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелер кiретiн уәкiлеттi органға немесе
л а у а з ы м д ы т ұ л ғ а ғ а ж i б е р i л у г е т и i с .
2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, тұрғылықты (жұмысының немесе оқу
орнының) мекен-жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, орналасқан жерi,
басшысының немесе оның орынбасарының қолы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
Шағым жасаған кезде iс-қимылына шағым жасалып отырған уәкiлеттi органның
атауы немесе лауазымды тұлғалардың қызметi, тегi және аты-жөндерi, өтiнiш жасау
у ә ж д е р i м е н т а л а п т а р к ө р с е т i л е д i .
3. Уәкiлеттi органға тiкелей жазбаша өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi
мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi
.
7-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн
қабылдау, тiркеу және есепке алу
1. Осы Заңда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға,
тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс. Өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға тыйым
с а л ы н а д ы .
2. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тiркеу және есепке алу құқықтық
статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен
ж ү з е г е а с ы р ы л а д ы .
3. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастырудың,
қабылдаудың, тiркеудiң және есепке алудың жай-күйi үшiн уәкiлеттi органның
басшылары, лауазымды тұлғалары жеке жауапты болады.
4. Өтiнiш жеке немесе заңды тұлғаның өкiлi арқылы енгiзiлуi мүмкiн. Өкiлдiктi
ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен
ж ү з е г е а с ы р ы л а д ы .
5. Жеке және заңды тұлғалардың жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпараттық
жүйелер арқылы келiп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат
және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес түскен
өтiнiштерi осы Заңда белгiленген тәртiппен қаралуға тиiс.
6. Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн уәкiлеттi органға
келiп түскен өтiнiш 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, арыз берушiге ол туралы
хабарлана отырып, тиiстi уәкiлеттi органдарға жiберiледi.
8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмi
1. Егер Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актiлерiнде өзгеше
көзделмесе, жеке және заңды тұлғаның өтiнiшi уәкiлеттi органға, лауазымды тұлғаға
келiп түскен күнiнен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады және ол бойынша
ш е ш i м қ а б ы л д а н а д ы .
2. Өзге құзыреттi органға, лауазымды тұлғаға сұрау жiберудi немесе сол жерге
шығуды қажет етпейтiн өтiнiш 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайда мерзiм 30
күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, бұл туралы қарау мерзiмi
ұзартылған сәттен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.
3. Өтiнiштi қарау мерзiмiн уәкiлеттi органның басшысы немесе мұндай мәселелердi
шешуге уәкiлеттiк берiлген тұлға ұзартады.
4. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш
түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы үш
күнтiзбелiк күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.
9-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау
1. Уәкiлеттi органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыретiнiң шегiнде:
1) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы,
қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етедi;
2) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын
қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды;
3) арыз берушiлерге олардың өтiнiштерiн тексеру нәтижелерi мен қабылданған
ш а р а л а р т у р а л ы х а б а р л а й д ы ;
4) арыз берушiлерге олардың өтiнiштерi өздерiнiң құзыретiне сәйкес басқа уәкiлеттi
органдарға немесе лауазымды тұлғаларға қарауға жiберiлгенi туралы хабарлайды.
2. Мемлекеттiк органдар, лауазымды тұлғалар, жарғылық капиталында мемлекеттiң
үлесi жүз пайызды құрайтын заңды тұлғалар жеке және/немесе заңды тұлғалардың
өтiнiштерiн тiкелей қарайтын уәкiлеттi органдар мен лауазымды тұлғалардың сұрауы
бойынша мемлекеттiк, қызметтiк немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны
қамтитындарды және олар үшiн ерекше ұсыну тәртiбi белгiленгендердi қоспағанда,
өтiнiштердi қарау үшiн маңызы бар актiлердi, құжаттар мен басқа да материалдарды 15
к ү н т i з б е л i к к ү н i ш i н д е б е р у г е м i н д е т т i .
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн
жүйелi түрде кемсiту, заңды бiрнеше рет немесе өрескел бұзушылықтар туралы
өтiнiштер уәкiлеттi орган басшының тапсырмасы бойынша сол жерге бара отырып
т е к с е р i л у i м ү м к i н .
3. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдердiң бiрi қабылданады:
1) өтiнiштi толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;
2) мұндай шешiм қабылдауды негіздей отырып, өтiнiштi қанағаттандырудан бас
т а р т у т у р а л ы ;
3) өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк беру туралы.
4. Бiр тұлғаның мүддесi үшiн сол бiр мәселе бойынша бiрнеше өтiнiш келiп түскен
кезде бiрiншi өтiнiш негiзгi өтiнiш ретiнде тiркеледi, ал кейiнгiлерi негiзгi өтiнiшке
қоса тiркеледi және бiрiншi өтiнiш келiп түскен күннен бастап есептелетiн белгiленген
мерзiм шегiнде оларды шешудiң нәтижелерi туралы авторларға хабарлана отырып, бiр
өтiнiш ретiнде қаралады.
10-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн
мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың қарауы
Егер Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе
мемлекеттiк тапсырыс және/немесе мемлекеттiк сатып алу шарттарына сәйкес
қызметтер, тауарлар және жұмыстар ұсынатын мемлекеттiк емес заңды тұлғалар,
көрсетiлген тауарларды, қылмыстар мен қызметтердi ұсыну мәселелерi бойынша
өтiнiштердi осы Заңда белгiленген тәртiппен қарайды.
11-бап. Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар
1. Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына
сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде
немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағымдану
құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын
н а қ т ы д е р е к т е р д i қ а м т у ғ а т и i с .
2. Қандай да бiр талаптар мен өтiнiштер болмаған кезде өтiнiштер назарға алынады
және оны уәкiлеттi органның басшысы немесе оның орынбасары iске көшiрiп жазады.
12-бап. Өтiнiштердi қарауды тоқтату
1. Егер қайта жасалған өтiнiштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған
мән-жайлар келтiрiлмесе, ал алдыңғы өтiнiштiң материалдарында тексерудiң толымды
материалдары бар болса және авторларға белгiленген тәртiппен жауаптар берiлсе,
ө т i н i ш т е р д i қ а р а у т о қ т а т ы л а д ы .
2. Өтiнiштердi қарауды тоқтату туралы шешiмдi уәкiлеттi органның басшысы
немесе оның орынбасары, лауазымды тұлға қабылдауға құқылы.
13-бап. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша
қабылданған шешiмдерге шағымдану
Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) немесе уәкiлеттi
органдардың шешiмдерiне бағыныстылық немесе шешiм шығару тәртiбiмен жоғары
тұрған лауазымды тұлғаға немесе уәкiлеттi органға, егер Қазақстан Республикасының
заңнамасында өзгеше мерзiм көзделмесе, жеке немесе заңды тұлғаға iс-әрекет (
әрекетсiздiк) жасағаны туралы белгілi болған сәттен бастап, бiрақ үш айдан
кешiктiрмей шағым берiледi, бұл ретте арыз берушi Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа жүгiну құқығынан айырылмайды.
Жоғары тұрған орган немесе лауазымды тұлға болмаған немесе арыз берушi
қабылданған шешiммен келiспеген кезде шағым тiкелей сотқа берiледi.
14-бап. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың
өкiлдерiн жеке қабылдау
1. Мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары және олардың орынбасарлары
айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау
кестесiне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды өткiзуге мiндеттi.
2. Қабылдау белгiленген және жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткiзiлген
күндер мен сағаттарда жұмыс орны бойынша өткiзiлуге тиiс.
3. Егер өтiнiштi немесе шағымды лауазымды тұлға қабылдау кезiнде
қанағаттандыра алмаса, олар жазбаша нысанда берiледi және олармен жазбаша
өтiнiштер ретiнде жұмыс жүргiзiледi.
15-бап. Өтiнiштердi қарау кезiндегi жеке және заңды
тұлғалардың құқықтары
Ө т i н i ш б е р г е н ж е к е н е з а ң д ы т ұ л ғ а н ы ң :
1) өз өтiнiшiн растау үшiн қосымша құжаттар мен материалдар беруге не оларды
т а л а п е т у т у р а л ы с ұ р а у ғ а ;
2) өтiнiштi қараушы тұлғаға дәлелiн жеке айтуға;
3) қабылданған шешiм туралы жазбаша немесе ауызша нысанда дәлелденген жауап
а л у ғ а ;
4) егер олар өтiнiштердi қараудың белгiленген тәртiбiн бұзудың нәтижесi болса,
з а л а л д ы ө т е у д i т а л а п е т у г е ;
5) лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша
қабылданған шешiмге жоғары тұрған уәкiлеттi органға және/немесе жоғары тұрған
лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға;
6) өтiнiштi қарауды тоқтату туралы арыз беруге құқылы.
16-бап. Уәкiлеттi органдардың және лауазымды
тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Уәкiлеттi органдар, лауазымды тұлғалар:
1) белгiленген тәртiппен өтiнiштердi қарау үшiн қажеттi ақпаратты сұрауға және
а л у ғ а ;
2) жеке және заңды тұлғалардан көрiнеу жалған мәлiметтерден тұратын
хабарламаларды тексеруге байланысты келтiрiлген шығыстарды сот шешiмi бойынша
ө н д i р i п а л у ғ а қ ұ қ ы л ы .
2. Уәкiлеттi органдар мен лауазымды тұлғалар:
1) осы Заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардан
ө т i н i ш т е р қ а б ы л д а у ғ а ж ә н е о л а р д ы қ а р а у ғ а ;
2) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
3) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
4) жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешiмдер туралы жазбаша немесе
а у ы з ш а н ы с а н д а х а б а р л а у ғ а ;
5) жеке, соның iшiнде заңды тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын тұлғалардың,
олардың отбасы мүшелерiн мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және лауазымды
тұлғаларға олардың қызметiн сынап не құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн қорғау мақсатында өтiнiш беруге байланысты қудалануына жол бермеуге;
6) шағымдарды iс-әрекеттерiне шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың
қ а р а у ы н а ж i б е р м е у г е ;
7) мәселенi объективтi шешуге ықылас бiлдiрмейдi деп пайымдауға негiз болған
адамдарға тексерудi жүктеу жағдайларын болдырмауға;
8) оны берген немесе оның мүддесi үшiн өтiнiш берiлген адамға зиян келтiретiн
жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне рұқсат бермеуге;
9) жеке, соның iшiнде заңды тұлғалардың мүддесiн қорғайтын тұлғалардың
келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi немесе мемлекеттiк не заңмен
қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жарияламауға, сондай-ақ жеке
тұлғалардың өтiнiшке қатысты емес жеке басы туралы деректердi анықтауға рұқсат
б е р i л м е й д i ;
10) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, олардағы сыни ескертулердi
талдауға және қорытуға, жұмысты жетiлдiру әрi жеке және заңды тұлғалардың
шағымдануына әкелетiн себептердi болдырмау мақсатында қоғамдық пiкiрдi
з е р д е л е у г е ;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау жөнiндегі жұмыстың жай-күйiн
ж ү й е л i т ү р д е т е к с е р у г е ;
12) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi орган
белгiлеген мерзiм мен көлемде келiп түскен, қаралған өтiнiштердiң санын және оларды
қарау нәтижелерi туралы мемлекеттiк құқықтық статистикалық ақпарат беруге мiндеттi
.
17-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жауапкершiлiкке тартылады.
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. "Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң N 2340 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күшi бар Жарлығының (
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Хабаршысы, 1995 ж., N 9-10, 71-бап) күшi
жойылды деп танылсын.
Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң
Президентi
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК