Президенттік жастар кадрлық резерві 2025 жылдың 1 маусымынан бастап іске қосылады

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ
2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар
кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
✓ Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары
білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар,
мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен
емес меңгерген Қазақстан
Республикасының азаматы қатыса алады.
✓ Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және
2025 жылдың маусым-қазан айлары
аралығында өтеді. Оның қорытындысы
бойынша Резервке үздік 50 кандидат
іріктелетін болады.
Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық
іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге
болады.

Дата публикации
20 мая 2025