Мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 243 «Жітіқара ауданы Пригородный ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Пригородный ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 62 439,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 9 245,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 96,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;
трансферттер түсiмi бойынша – 53 098,3 мың теңге;
2) шығындар – 62 439,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -0,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,2 мың теңге.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) «Парус-Каз.Бюджет» (Бюджеттік жоспарлау) бағдарламалық өнімін орнату және сүйемелдеу;
6) көлік сатып алу.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.