Ауыл шаруашылығы министрі 2024 жылғы 3 маусымдағы бұйрықпен ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Үлгілік ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz. Атап айтқанда, Ережеге "қоғамдық жайылымдар" ұғымы — елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекеттік меншіктегі, жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын жаю бойынша жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жайылымдар қосылды. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің не олар уәкілеттік берген адамдардың еріп жүруінсіз ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымға дейін және кері айдауға (айдап әкетуге), жайылымға шығаруға, сондай-ақ орнын ауыстыруға жол берілмейді. Бұл ретте, Орман кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің не олар уәкілеттік берген адамдардың еріп жүруінсіз мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекше жағдайларда шалғайдағы, жету қиын және халқы аз жерлерде жүзеге асырылады