Жітіқара ауданының Пригородный ауылының 2024-2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Жітіқара ауданының Пригородный ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бекітілген азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба.

 

Пригородный ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, ҚР-ның 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлері және мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылады.

2024-2026 жылдарға арналған ауылдық бюджетті бекіту 2023 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр.

Ауыл бюджетіне жоспарланып отырған түсімдер-120 730,0 мың теңге, оның ішінде:

Салық түсімдері – 4491,0 мың теңге;

Салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;

Трансферттер түсімдері 116239,0 мың теңге;

Шығыстардың функционалдық топтары бойынша мыналар жоспарланады:

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 39688,0 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық -12277,0 мың теңге;

Көлік және коммуникация – 67505,0 мың теңге.

 

Дата публикации
31 января 2024