2025 жылға арналған «Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

                                                                                                        Қазақстан Республикасы
                                                                                                        Экономика және бюджеттік
                                                                                                        жоспарлау Министрінің
                                                                                                         2013 жылғы 25 маусымдағы
                                                                                                       № 193 бұйрығына
                                                                                                     2-қосымша

 

 

 

 

2025 жылға арналған «Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық

округі әкімінің аппараты» ММ  мемлекеттік қызмет көрсету

саласындағы қызметі туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

      Мекеменің атауы            – «Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округі  

     әкімінің аппараты»ММ

 Заңды және пошталық мекенжайы - 110708, Қазақстан Республикасы, Костанай      облысы, Жітіқара ауданы, Мүктікөл ауылы, Ленин көшесі, 6

     электрондық пошта:  muktikolakimat@mail.kz

     байланыс телефоны: 8(714)35-39134

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

 

Ауылдық округ әкімінің аппараты тікелей көрсетілетін қызметті беруші болып табылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  4. Кент, ауыл жерлерәнен жер учаскесін беру;
  5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
  6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

 

Әкім аппараты өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беретін мемлекеттік қызметтер – 7

  1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде
    азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
    мен түзетулер енгізу;
  2. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
  3. Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою;
  4. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
    жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
  5. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
    жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
  7. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
    азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.

 

      3) Аса сұранысқа талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.      

       «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру».  2025 жылы 0 қызмет көрсетілді.

 

        

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

     Ауылдық округ әкімінің аппаратында азаматтарды электрондық форматта оқыту және Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар,  мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары орналастырылған, оларды алудың ықтимал тәсілдері туралы ақпараттық стенд ресімделді, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс кестесі орналастырылды.       

      Мүктікөл ауылдық округі әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат орналастырылған:

- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет есебі;

- Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі;

- Жарияланымдар;

- Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың тізімі;

- Ауылдық округ аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі;

- Мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру туралы;

- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс кестесі;

- Көрсетілген қызметтер туралы ақпарат;

- Жер учаскелерін алған тұлғалардың тізімі;

- Жер учаскелерін алуға Кезекте тұрғандардың тізілімі.

        2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат:   –

 

         3) Мемлекттік қызметтер процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар)

       Ауылдық округ әкімінің аппаратында көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде мамандар мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы түсіндіру жұмыстарын құзыретті жүргізеді.

       Мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық жұмысты кеңейту, сондай-ақ электрондық қызметтерді танымал ету мақсатында әкім аппаратының интернет-ресурсында ай сайын танымдық материал жарияланады:

      

 

 

 

  1.   Мемлекеттік қызмет   көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

         Көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы тікелей байланыс тәуекелі алынып тасталды.

         Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі жоқ.

 

       2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

       Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті заңдарды, мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін зерделеу арқылы өз білімдерін арттырады. Міндетті негізде, кестеге сәйкес мамандар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

 

   3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық  жетілдіру  

      Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін, сапасы мен нәтижелілігін арттыру (мерзімдерді қысқарту, ағымдағы процесті қайта құру, қағаз құжат айналымын азайту және т.б.) мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілер зерделенеді.

  1.   Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 

     1) Мемлекеттік қызмет  көрсету мәселелері  бойынша көрсетілетін

қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

     2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

     2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Ішкі бақылау жүргізілмеген.

 

      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

               –

        4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

        – 

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

       Әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша одан әрі тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында 2026 жылы жоспарлануда:

       - мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыру:

     - көрсетілетін қызметті алушылар арасында «Электрондық үкімет»порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру;

   - белгіленген мерзімдерді бұзбай, қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау;

     - мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметкерлердің біліктілігін тұрақты негізде арттыру.

 

 

Жітіқара ауданы

Мүктікөл ауылдық округінің

әкімі                                                                                                       К.Шукманов

 

        

           

 
 

    

Дата публикации
27 февраля 2026