Жітіқара ауданы  Мүктікөл ауылдық округінің  2026-2028 жылдарға  арналған азаматтық бюджеті

Жітіқара ауданы  Мүктікөл ауылдық округінің  2026-2028 жылдарға

 арналған азаматтық бюджеті

 

        1 бөлім.   2026-2028 жылдарға арналған негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер

 

         2026 – 2028 жылдары дамудың сыртқы жағдайларының әсерін ескере отырып, ауылдық округтің экономикалық саясаты экономиканың өсуін қамтамасыз етуге бағытталған, ол үшін: қолайлы инвестициялық ахуалды, бұрын басталған инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі экономикалық белсенділікті сақтау, халықтың табысын арттыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау, ауылдық округінің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану, халықтың кедейшілік деңгейін төмендету және жаңа жұмыс орындарын құру қажет.

Мүктікөл ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған экономикалық саясатының мақсаты стратегиялық міндеттерді орындау үшін қажетті экономикалық даму деңгейін қамтамасыз ету.  Жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі:

        1) Шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін ұлғайту жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың белсенді бөлігінің кірістерін ұлғайтуға ықпал ететін жағдайлар жасау;

       2) Әлеуметтік саладағы проблемаларды шешу және жастарды қолдау арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру;

      3)           Әлеуметтік саланы жақсарту ауылдық округтің тіршілікті жүйелерін қамтамасыз ету, инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі және дамуы арқылы.

 

 2026 жылғы базалық көрсеткіштер:

          айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге

          зейнетақының ең төменгі мөлшері– 69 049  теңге

          жалақының ең төменгі мөлшері– 85 000  теңге

          базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің    шамасы – 50 851 теңге.

 

2 бөлім.  «Мүктікөл ауылдық округі бюджетінің түсімдері мен шығыстары»

Мүктікөл ауылдық округінің бюджеті Жітіқара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы  «Жітіқара  ауданы  Мүктікөл ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 357 шешімімен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы  2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты Мүктікөл ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекітті.

Түсімдер

       2026 жылға арналған ауылдық округ кірістерінің болжамын қалыптастыру кезінде 2025 жылғы ауылдық бюджет кірістерінің атқарылуы туралы есептің деректері, 2025 жылдың 12 айында бюджетке нақты түсімдердің негізінде 2025 жыл бойынша түсімдерді бағалау ескерілді.

      2026 жылға  Мүктікөл ауылдық округінің бюджеті кірістер бойынша (трансферттердің түсуін есептемегенде) – 6898,0 мың теңге сомасында белгіленді. 

Аудандық және республикалық бюджеттерден Мүктікөл ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне  2026 жылға 28 083,0 мың теңге, 2027 жылға – 27 770,0 мың теңге, 2028 жылға – 27 767,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер түсімі көзделген.

2026 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі абсолюттік мәнде айқындалды және бүкіл қаржы жылы ішінде өзгертуге жатпайды және 26741,0 мың теңгені құрайды, 2027 жылға 26347,0 мың теңге сомасында, 2028 жылға 26259,0 мың теңге сомасында белгіленді.

Кестеде 2026-2028 жылдарға арналған түсімдер көлемі көрсетілген

                                                                                      мың теңге                                                                                                                                                                     

Атауы

2026жыл

(жоспары)

2027 жыл (болжам)

2028 жыл (болжам)

Кірістер, оның ішінде:

34981,0

35390,0

35792,0

Салықтық түсімдер

6898,0

7620,0

8025,0

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

4878,0

5122,0

5375,0

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

65,0

65,0

65,0

Жер салығы

0,0

7,0

8,0

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық

0,0

373,0

392,0

Заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық

1380,0

1450,0

1550,0

Жерді пайдаланғаны үшін төлем

575,0

603,0

635,0

Салықтық емес түсімдер:

0,0

0,0

0,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

28083,0

27770,0

27767,0

Ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде:

1342,0

1423,0

1508,0

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

0,0

0,0

0,0

Субвенция

26741,0

26347,0

26259,0

 

 

 

 

 

                                                

                                                         Шығыстар

        2026-2028 жылдарға арналған жергілікті бюджет шығыстары 2026 жылға – 34981,0 мың теңге, 2027 жылға – 35390,0 мың теңге, 2028 жылға – 35792,0 мың теңге сомасында айқындалды.

                                                                                           мың теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Атауы

2026жыл

(жоспары)

2027 жыл (болжам)

2028 жыл (болжам)

ШЫҒЫСТАР - барлығы

34981,0

35390,0

35792,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

33032,0

33324,0

33603,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

607,0

643,0

681,0

Көлік және коммуникация

1342,0

1423,0

1508,0

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

Үш жылдық кезеңге мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын жүзеге асыратын өкілді, атқарушы және өзге де органдар саласындағы шығыстар 99959,0 мың теңге, (2026 жылға – 33032,0 мың теңге, 2027 жылға – 33324,0 мың теңге, 2028 жылға – 33603,0 мың теңге) қарастырылған.

                                                                                           мың теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Атауы

2026жыл

(жоспары)

2027 жыл (болжам)

2028 жыл (болжам)

ШЫҒЫСТАР - барлығы

33032,0

33324,0

33603,0

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

33032,0

33324,0

33603,0

  Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

0,0

0,0

0,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

33032,0

33324,0

33603,0

 

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге  1931,0 мың теңге қарастырылған,  (2026 жылы – 607,0  мың теңге, 2027 жылы – 643,0 мың теңге, 2028 жылы – 681,0 мың теңге).

 

 

 

 

 

2026-2028 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығыстары

                                                                                                               мың теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Іс-шаралар  атауы

2026 жыл

2027 жыл

2028жыл

 

Барлығы:

607,0

643,0

681,0

 

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

335,0

355,0

376,0

 

Елді мекендерді  абаттандыру  мен көгалдандыру

272,0

288,0

305,0

 

 

                                      

                                            Көлік және коммуникация

 

 

 

               

      Көлік және коммуникация саласындағы шығыстар ауылдық округте автомобиль жолдарының жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады және 2026-2028 жылдарға арналған:      

                                                                                                              мың теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Іс-шаралар  атауы

2026 жыл

2027 жыл

2028жыл

Кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның ішінде:

 

 1342,0

 

1423,0

 

1508,0

  Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

0,0

0,0

0,0

Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен(облыстық маңызы бар қаланың)

1342,0

1423,0

1508,0

 

 



Дата публикации
06 января 2026