Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық  жиналысының № 5  хаттамасы

Жітіқара ауданының

Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық  жиналысының

№ 5  хаттамасы

 

 

Мүктікөл ауылы                                                                   29 тамыз 2025 жылғы

әкімдік ғимараты                                                                сағат 15.00

 

           Ауылдық округінің аумағында тұратын және жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 28 адам.

Қатысқандар - жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері-барлығы 14 адам

 

Қатысқандар-жергілікті қоғамдастық жиналысының 12 мүшесі:

  1. Ак-Калиова Гаухар Байганусовна
  2. Бакчеева Наталия Владимировна
  3. Исмаилова Гульнара Аманбаевна
  4. Киртока Иван Никитович
  5. Кучер Татьяна Владимировна
  6. Молис Андрей Александрович
  7. Мусралинова Аксара Аманбаевна
  8. Осипенко Ирина Анатольевна
  9. Сапунова Елена Викторовна
  10. Шакаев Хайрат Турсунгалиевич
  11. Юрасова Валентина Владимировна
  12. 12. Юрасов Александр Иванович

 

Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері:

  1. Шуншалинова Айжангул Каматаевна
  2. Бимагамбетова Гульжамал Тохтарбаевна

 

       Тындалды: Шуншалинова А. К., Мүктікөл ауылдық округі әкімінің м. а. – жиналысты өткізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлау қажет.

 

Сөз сөйледі: Н.В.Бакчеева (ауыл тұрғыны) – жиналыстың төрағасы болып Юрасова Валентина Владимировна, хатшысы болып Кучер Татьяна Владимировна сайлауды ұсынамын.

Дауыс бергендер: «Қолдады» – 12 адам; «Қарсы» – 0 адам; «Тартынған» – 0 адам.

Қабылданды: бірауыздан.

 

Сөз сөйледі:  Мүктікөл ауылдық округі әкімінің м.а. Шуншалинова А. К. – жергілікті қоғамдастық жиналысының күн тәртібін бекітуді ұсынды.

 

 

 

                                                    КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Мүктікөл ауылдық округінің 2026-2028 бюджеті жобасын жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісу туралы.

 

Тындалды: А.К. Шуншалинова – ауылдық округі әкімінің м.а.

       Құрметті жиналыс мүшелері, сізді 2026-2028 жылдарға арналған Мүктікөл ауылдық округінің бюджет жобасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

       2026 жылға кірістер түсімдері бойынша болжам 32 966,0 мың теңгені құрайды:

  1. Жеке табыс салығы бойынша түсімдер болжамы 655,0 мың теңгені құрайды;
  2. Мүлік салығы – 64,0 мың теңге;
  3. Жер салығы – 2,0 мың теңге;
  4. Көлік салығы – 1 703,0 мың теңге;
  5. Бірынғай жер салығы – 1 945,0 мың теңге;
  6. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем – 2 582,0 мың теңге;
  7. Мүлікті жалға беруден түскен кірістер – 0,0 мың теңге;

       8.Сондай – ақ, аудандық бюджеттен 26015,0 мың теңге трансферттер қарастырылған.

       Қазіргі уақытта ауылдық округінің бюджеті келесі бағдарламалардан тұрады: «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», «Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру», «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру», «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету».

        2026 жылға арналған бағдарламалар бойынша шығыс бөлігін 32 966,0 мың теңге сомасында бөлу жоспарлануда:

  1. Ауылдық округі әкімі аппаратын ұстауға 30 805,0 мың теңге;
  2. Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру – 1093,0 мың теңге;
  3. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру – 270,0 мың теңге;
  4. Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету – 798,0 мың теңге;

      

Сөз сөйледі: В.В. Юрасова –жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы.

       Құрметті жиналыс мүшелері, сіз 2026–2028 жылдарға арналған ауылдық округі бюджетінің жобасымен танысдыңыз, қандай да бір ұсыныстар, ескертулер бар ма?

       Егер ұсыныстар, ескертулер жоқ болса, жиналыс мүшелерінен Мүктікөл ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын келісуге дауыс беруді сұраймын.

Дауыс бергендер: «Қолдады» – 12 адам; «Қарсы» – 0 адам; «Тартынған» – 0 адам.

Қабылданды: бірауыздан.

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

        Мүктікөл ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшелерінің бірауыздан  шешімімен:

Мүктікөл ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісілген деп саналсын.

 

        Төрайым:                                                                  В.В. Юрасова

        Хатшы:                                                                     Т.В. Кучер

Дата публикации
29 августа 2025