Жітіқара ауданы  Мүктікөл ауылдық округінің  2025-2027 жылдарға  арналған азаматтық бюджеті

Жітіқара ауданы  Мүктікөл ауылдық округінің  2025-2027 жылдарға

 арналған азаматтық бюджеті

 

        1 бөлім.   2025-2027 жылдарға арналған негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер

 

         2025 – 2027 жылдары дамудың сыртқы жағдайларының әсерін ескере отырып, ауылдық округтің экономикалық саясаты экономиканың өсуін қамтамасыз етуге бағытталған, ол үшін: қолайлы инвестициялық ахуалды, бұрын басталған инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі экономикалық белсенділікті сақтау, халықтың табысын арттыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау, ауылдық округінің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану, халықтың кедейшілік деңгейін төмендету және жаңа жұмыс орындарын құру қажет.

Мүктікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған экономикалық саясатының мақсаты стратегиялық міндеттерді орындау үшін қажетті экономикалық даму деңгейін қамтамасыз ету.  Жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі:

        1) Шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін ұлғайту жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың белсенді бөлігінің кірістерін ұлғайтуға ықпал ететін жағдайлар жасау;

       2) Әлеуметтік саладағы проблемаларды шешу және жастарды қолдау арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру;

      3)&nbsp  Әлеуметтік саланы жақсарту ауылдық округтің тіршілікті жүйелерін қамтамасыз ету, инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі және дамуы арқылы.

 

 2025 жылғы базалық көрсеткіштер:

          айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3932 теңге

          зейнетақының ең төменгі мөлшері– 62771  теңге

          жалақының ең төменгі мөлшері– 85 000  теңге

          базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің    шамасы – 46228 теңге. 

 

2 бөлім.  «Мүктікөл ауылдық округі бюджетінің түсімдері мен шығыстары»

     Мүктікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды.

Мүктікөл ауылдық округінің бюджеті Жітіқара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 наурыздағы № 272  «Мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 248 «Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімімен нақтыланды.

Түсімдер

       2025 жылға арналған ауылдық округ кірістерінің болжамын қалыптастыру кезінде 2024 жылғы ауылдық бюджет кірістерінің атқарылуы туралы есептің деректері, 2024 жылдың 12 айында бюджетке нақты түсімдердің негізінде 2024 жыл бойынша түсімдерді бағалау ескерілді.

      2025 жылға  Мүктікөл ауылдық округінің бюджеті кірістер бойынша (трансферттердің түсуін есептемегенде) – 6747,0 мың теңге сомасында белгіленді.  

Аудандық және республикалық бюджеттерден Мүктікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетіне  2025 жылға 26814,5 мың теңге, 2026 жылға – 26015,0 мың теңге, 2027 жылға – 26172,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер түсімі көзделген.

2025 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі абсолюттік мәнде айқындалды және бүкіл қаржы жылы ішінде өзгертуге жатпайды және 25864,0 мың теңгені құрайды, 2026 жылға 26015,0 мың теңге сомасында, 2027 жылға 26172,0 мың теңге сомасында белгіленді.

Кестеде 2025-2027 жылдарға арналған түсімдер көлемі көрсетілген

                                                                                                                                                 мың теңге                                                                                                                                                                     

Атауы

2025жыл

(жоспары)

2026 жыл (болжам)

2027 жыл (болжам)

Кірістер, оның ішінде:

33561,5

32966,0

33338,0

Салықтық түсімдер

6747,0

6951,0

7166,0

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

624,0

655,0

688,0

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

64,0

64,0

64,0

Жер салығы

2,0

2,0

2,0

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық

234,0

245,0

257,0

Заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық

1389,0

1458,0

1531,0

Бірынғай жер салығы

1852,0

1945,0

2042,0

Жерді пайдаланғаны үшін төлем

2582,0

2582,0

2582,0

Салықтық емес түсімдер:

0,0

0,0

0,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

26814,5

26015,0

26172,0

Ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде:

950,5

0,0

0,0

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

92,0

0,0

0,0

Жергілікті бюджеттен

858,5

0

0

Субвенция

25864,0

26015,0

26172,0

 

 

 

 

 

                                                 

                                                         Шығыстар

        2025-2027 жылдарға арналған жергілікті бюджет шығыстары 2025 жылға – 34567,5 мың теңге, 2026 жылға – 32966,0 мың теңге, 2027 жылға – 33338,0 мың теңге сомасында айқындалды. 

 

                                                                                           мың теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Атауы

2025жыл

(жоспары)

2026 жыл (болжам)

2027 жыл (болжам)

ШЫҒЫСТАР - барлығы

34567,5

32966,0

33338,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

31503,5

30805,0

31068,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1798,0

1363,0

1432,0

Көлік және коммуникация

1266,0

798,0

838,0

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

Үш жылдық кезеңге мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын жүзеге асыратын өкілді, атқарушы және өзге де органдар саласындағы шығыстар 93376,5мың теңге, (2025 жылға – 31503,5 мың теңге, 2026 жылға – 30805,0 мың теңге, 2027 жылға – 31068,0 мың теңге) қарастырылған.

                                                                                           мың теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Атауы

2025жыл

(жоспары)

2026 жыл (болжам)

2027 жыл (болжам)

ШЫҒЫСТАР - барлығы

31503,5

30805,0

31068,0

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

30959,5

30805,0

31068,0

  Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

92,0

0,0

0,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

30553,0

30805,0

31068,0

Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен(облыстық маңызы бар қаланың)

314,5

0,0

0,0

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

544,0

0,0

0,0

Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен(облыстық маңызы бар қаланың)

544,0

0,0

0,0

 

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге  4593,0 мың теңге қарастырылған,  (2025 жылы – 1798,0  мың теңге, 2026 жылы – 1363,0 мың теңге, 2027 жылы – 1432,0 мың теңге).

 

2025-2027 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығыстары

                                                                                                               мың теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Іс-шаралар  атауы

2025 жыл

2026 жыл

2027жыл

 

Барлығы:

1798,0

1363,0

1432,0

 

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

1041,0

1093,0

1148,0

 

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

500,0

0,0

0,0

 

Елді мекендерді  абаттандыру  мен көгалдандыру

257,0

270,0

284,0

 

 

                                       

                                            Көлік және коммуникация

 

 

 

      Көлік және коммуникация саласындағы шығыстар ауылдық округте автомобиль жолдарының жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады және 2025-2027 жылдарға арналған:       

                                                                                                              мың теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Іс-шаралар  атауы

2025 жыл

2026 жыл

2027жыл

Кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның ішінде:

 

 1266,0

 

798,0

 

838,0

  Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

1266,0

798,0

838,0

Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен(облыстық маңызы бар қаланың)

0,0

0,0

0,0

 

                                                          

 

Дата публикации
18 марта 2025