2004 жылғы 9 шілдедегі «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық тәртіпті қорғау адамның құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде оның денсаулығы мен мүлкін қорғауға, қоғамның материалдық және рухани құндылықтарын сақтауға бағытталған және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану арқылы қол жеткізіледі.
Ауылдағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды учаскелік инспектор Юсупов Марат Садықұлы және қоғамдық көмекші Юрасов Александр Иванович қамтамасыз етеді. Учаскелік инспектор қолайсыз отбасыларды анықтау, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында профилактикалық әңгімелер жүргізу үшін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру мақсатында үй-жайларды аралайды.
Түнде алкоголь өнімдерін сатуды анықтау бойынша рейдтер жүргізеді.
Есепке алынатын контингентпен (бұрын сотталған тұлғалар) жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Аталған санаттағы адамдарға қатысты тұрғылықты жері бойынша тексеру және әңгімелесу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастық жиындарында мал жаю, ұрлыққа жол бермеу үшін жануарларды биркалау қажеттілігі, сондай-ақ қаңғыбас мал үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы тұрақты негізде әңгімелер өтеді.
Жалпы, елді мекендегі жағдай тұрақты болып қала береді.