Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

ЖІТІҚАРА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

ЖИТИКАРИНСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

 

ШЕШІМ

 

 

РЕШЕНИЕ

 

       2024 жылғы 30 желтоқсандағы                                                                            № 248

 

Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

 

 Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының              1) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мүктікөл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларғасәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 33 287,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 6 747,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсiмi бойынша – 26 540,0 мың теңге;

2) шығындар – 33 287,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                 0,0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттен Мүктікөл ауылдық округінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 25 864,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған Мүктікөл ауылдық округінің бюджетінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 0,0 мың теңгені құрайтыны ескерілсін.
  3. 2025 жылға арналған Мүктікөл ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

1) азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге.

  1. 2025 жылға арналған Мүктікөл ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

1) кеңсе техникасы мен материалдық емес активтерді сатып алуға;

2) басқа да ағымдағы шығыстарды өтеуге.

  1. Кезекті қаржы жылына арналған Мүктікөл ауылдық округінің бюджетінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленбегені ескерілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жітіқара аудандық

мәслихаты төрағасының

міндетін атқарушы                                                       

 

               

 

 

А. Смагулов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 декабря 2024