Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының НҰСҚАМАСЫ

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

БОЙЫНША ТЕКСЕРУ

КОМИССИЯСЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

ГОСУДАРСТВЕННОЕ

УЧРЕЖДЕНИЕ

«РЕВИЗИОННАЯ КОМИССИЯ

ПО КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ»

 

Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы

110000, Қостанай қаласы

Әл-Фараби даңғылы, 112, 3-қабат

Тел.факс: 8(7142) 56-84-82

e-mail: r.revkom@esep-kst.gov.kz

 

Республика Казахстан, Костанайская область

110000, город Костанай

Проспект Аль-Фараби, 112, 3-этаж

Тел.факс: 8(7142) 56-84-82

e-mail: r.revkom@esep-kst.gov.kz

 

___________________________ № ___________________

Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округінін әкімі

Қ.М Шукмановқа

Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Мүктікөл ауылы, Ленин көшесі, 6 үй

 

Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының

НҰСҚАМАСЫ

 

    Қостанай   қаласы                                                      «3» қыркуйек 2024 жылы

 

Анықталған бұзушылықтарды жою және

оларды жіберген лауазымды тұлғалардың

жауапкершілігін қарау туралы

 

 

«Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мекеме) жүргізілген мемлекеттік аудитпен 83 045,9 мың теңге көлемінде қаражат қамтылды. Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 257,2 мың теңгені, оның ішінде өтелуге жататын – 257,2 мың теңгені құрады, Тиімсіз пайдалану – 257,2 мың теңге. Мөлшеріндегі рәсімдік бұзушылықтар 12 бірлік.

  Аудит барысында іс-шаралар жүргізілді: 257,2 мың теңге сомасында өтелді.

        «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңының 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес.

 

 

НҰСҚАМА БЕРЕМІН:

 

  1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін заңнамада белгіленген тәртіппен қарастырылсын;
  2. Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша оларды одан әрі болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін зерделеу бойынша техникалық оқу жүргізуді ұйымдастырылсын;

Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, нұсқаманың  орындалуы және қабылданған шаралар туралы ақпарат Тексеру комиссиясына 2024 жылғы 27 қыркуйек кешіктірілмейтін мерзімде, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112 үй, 3 қабат мекенжайы бойынша  электрондық түрде r.revkom@esep-kst.gov.kz арқылы ұсынылсын.

Сонымен қатар, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 171-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Тергеу іс-шараларын, сот талқылауларын жүргізу ұзақтығына, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ қаржыландырудың болмауына байланысты жағдайларды қоспағанда, ұсынымдарды және (немесе) нұсқамалар тармақтарын орындау мерзімін үш реттен артық ұзартуға жол берілетінін хабарлаймыз.

Аудит объектісінің ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалу мерзімдерін ұзарту туралы хатында олардың орындалуының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат, растайтын құжаттарды және ұсынылатын нақты орындалу мерзімін қоса бере отырып, орындалу мерзімін ұзарту қажеттігінің дәлелді негіздемелері қамтылуға тиіс екенін атап өткен жөн.

Бұдан басқа, сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу қағидаларының 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес нұсқама-анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін жағдайларды жою, шаралар қабылдау үшін мемлекеттік аудит объектілеріне, ұйымдарға және лауазымды адамдарға жіберілетін сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті актісі осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

Осы нұсқама орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда жауапты лауазымды адам «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады.

Қосымша: (67 бетте): жиынтық тізілім, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылғы 03.09. №10 қаулысымен бекітілген аудиторлық қорытынды.

 

 

      Тексеру комииссияның мүшесі                           Н.В. Томилина 

 

Орынд.: Б.А.Капишев

тел.: 56-83-43

 

 

 

 

Дата публикации
09 сентября 2024