Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба.

ітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба.

 

Мүктікөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2022-2026 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамы және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылады.

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық бюджетті бекіту 2022 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр.

Ауылдық округ бюджетіне жоспарланған түсімдер-28894,0 мың теңге, оның ішінде:

          Салықтық түсімдер-1474,0 мың теңге;

          Салықтық емес түсімдер-0,0 мың теңге;

          Трансферттер түсімі - 27420,0 мың теңге;

Шығыстардың функционалдық топтары бойынша мыналар жоспарланады:

         Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер-26649,0 мың теңге;

         Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1445,0 мың теңге;

         Көлік және коммуникация – 800,0 мың теңге.

Дата публикации
04 декабря 2023