Мекеменің атауы – «Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округі
әкімінің аппараты»ММ
Орналасқан жері – Костанай облысы, Жітіқара ауданы, Мүктікөл
ауылы, Ленин көшесі, 6
байланыс телефоны: 8(714)35-39134
электрондық пошта: mkt.zhitikara@kostanay.gov.kz
Ауылдық округінің әкімі – Шукманов Кайрат Махсатович
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік қызметтердің саны – 14.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-14;
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-7;
Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-4;
Тегін / ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-3;
2022 жылы «Е-лицензиялау» порталы арқылы 35 өтініш қабылданды.
3) Аса сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 35 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Ауылдық округі әкімінің аппаратында азаматтарды электрондық форматта оқыту және мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд ресімделді, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары мен стандарттары орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс кестесі орналастырылған.
Мемлекттік қызметтер процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге арналган іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
Ауылдық округ әкімі аппаратында көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде мамандар мемлекеттік қызмет көрсету процесі туралы түсіндіру жұмыстарын құзыретті түрде жүргізеді.
«Мүктікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау туралы мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысында аппарат қызметінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ескертулер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
2023 жылғы 1-3 наурыз аралығында Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман біліктілікті арттыру курстарына жіберілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру ауылдық округ әкімі аппаратында «Әділет» деректер қоры арқылы қамтамасыз етіледі.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
– Мемлекеттік қызметтерді тек электрондық түрде барынша көрсетуді қамтамасыз ету.
– Азаматтарды электрондық қызметтер туралы ақпараттандыруға және түсіндіруге бағытталған жұмысты жалғастыру.
– Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсетуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдау.
– Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметкерлердің біліктілігін
тұрақты негізде арттыру.