Жітіқара ауданы  Милютин ауылы   2025-2027 жылдарға  арналған азаматтық бюджеті

Жітіқара ауданы  Милютин ауылы   2025-2027 жылдарға

 арналған азаматтық бюджеті

 

        1 бөлім.   2025-2027 жылдарға арналған негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер

         2025 – 2027 жылдары дамудың сыртқы жағдайларының әсерін ескере отырып, ауыл  экономикалық саясаты экономиканың өсуін қамтамасыз етуге бағытталған, ол үшін: қолайлы инвестициялық ахуалды, бұрын басталған инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі экономикалық белсенділікті сақтау, халықтың табысын арттыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау, ауданның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану, халықтың кедейшілік деңгейін төмендету және жаңа жұмыс орындарын құру қажет.

Милютин ауылының 2025-2027 жылдарға арналған экономикалық саясатының мақсаты стратегиялық міндеттерді орындау үшін қажетті экономикалық даму деңгейін қамтамасыз ету.  Жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі:

        1) Шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін ұлғайту жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың белсенді бөлігінің кірістерін ұлғайтуға ықпал ететін жағдайлар жасау;

       2) Әлеуметтік саладағы проблемаларды шешу және жастарды қолдау арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру;

      3)           Әлеуметтік саланы жақсарту ауылдық округтің тіршілікті жүйелерін қамтамасыз ету, инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі және дамуы арқылы.

 2022 жылғы базалық көрсеткіштер:

          айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3932 теңге

          зейнетақының ең төменгі мөлшері– 62771,0 теңге

          жалақының ең төменгі мөлшері– 85000 теңге

          базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің    шамасы – 46228,0 теңге.

2 бөлім.  «Милютин ауылының бюджетінің түсімдері мен шығыстары»

Милютин ауылының бюджеті Жітіқара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы  «Жітіқара  ауданы  Милютин ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 242 шешімімен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы  2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты Милютин ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекітті.

Түсімдер

       2025 жылға арналған ауыл  кірістерінің болжамын қалыптастыру кезінде 2025 жылғы ауылдық бюджет кірістерінің атқарылуы туралы есептің деректері, 2024 жылдың 12 айында бюджетке нақты түсімдердің негізінде 2024 жыл бойынша түсімдерді бағалау ескерілді.

      2025 жылға  Милютин ауылының бюджеті кірістер бойынша (трансферттердің түсуін есептемегенде) – 2386,0 мың теңге сомасында белгіленді. 

 

Аудандық және республикалық бюджеттерден Милютин ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетіне  2025 жылға 237180,5  мың теңге, 2026 жылға – 65709,0 мың теңге, 2027 жылға – 26266,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер түсімі көзделген.

2025 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі абсолюттік мәнде айқындалды және бүкіл қаржы жылы ішінде өзгертуге жатпайды және 23331,0 мың теңгені құрайды, 2026 жылға 23485,0 мың теңге сомасында, 2027 жылға 23645,0 мың теңге сомасында белгіленді.

Кестеде 2025-2027 жылдарға арналған түсімдер көлемі көрсетілген

                                                                                      мың теңге                                                                                                                                                                     

Атауы

2025жыл

(жоспары)

2026 жыл (болжам)

2027 жыл (болжам)

Кірістер, оның ішінде:

237180,5

65709,0

26266,0

Салықтық түсімдер:

2386,0

2501,0

2621,0

Салықтық түсімдер

296,0

311,0

326,0

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

40,0

40,0

40,0

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

32,0

32,0

32,0

Жер салығы

910,0

955,0

1003,0

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық

485,0

509,0

534,0

Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 

618,0

649,0

681,0

Салықтық емес түсімдер:

5,0

5,0

5,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

0,0

0,0

0,0

Ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде:

234004,5

63208,0

23645,0

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

210673,5

39723,0

0

Субвенция

23331,0

 

 

Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

790,0

 

 

 

 

 

 

                                                   Шығыстар

        2025-2027 жылдарға арналған жергілікті бюджет шығыстары 2025 жылға – 237180,5 мың теңге, 2026 жылға – 65709,0 мың теңге, 2027 жылға – 26266,0 мың теңге сомасында айқындалды.

                                                                                         

                                                                                       мың теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                   

 

Атауы

2025жыл

(жоспары)

2026 жыл (болжам)

2027 жыл (болжам)

ШЫҒЫСТАР - барлығы

237180,5

65709,0

26266,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

25588,5

24958,0

25187,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

47663,0

1028,0

1079,0

Көлік және коммуникация

163929,0

39723,0

0,0

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге  49770,0 мың теңге қарастырылған,  (2025 жылы – 47663,0  мың теңге, 2026 жылы – 1028,0 мың теңге, 2024 жылы – 1079,0 мың теңге).

2025-2027 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығыстары

                                                                                                               мың теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Іс-шаралар  атауы

2025 жыл

2026 жыл (болжам)

2027 жыл (болжам)

 

Барлығы:

47663,0

1028,0

1079,0

 

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

799,0

839,0

881,0

 

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету,,  оның ішінде:

0,0

0,0

0,0

 

 Аудандық  бюджеттен берілетін трансферттер (облыстық маңызы бар қаланың)

0,0

0,0

0,0

 

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен

0,0

0,0

0,0

 

Елді мекендерді  абаттандыру  мен көгалдандыру

46864,0

189,0

198,0

 

                                       Көлік және коммуникация

 

 

 

               

      Көлік және коммуникация саласындағы шығыстар ауылдық округте автомобиль жолдарының жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады және 2025-2027 жылдарға арналған :      

                                                                                                              мың теңге                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Іс-шаралар  атауы

2025 жыл

2026 жыл (болжам)

2027 жыл (болжам)

Кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның ішінде:

 

163929,0

 

39723,0

 

 0,0

  Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

0,0

0,0

0,0

Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен(облыстық маңызы бар қаланың)

163929,0

39723,0

0,0

                                          

Дата публикации
03 апреля 2026