№ 6 2025 жылғы «30» жельтоқсандағы
жергілікті қоғамдастық жиналыс
хаттамамен бекітілген
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жітіқара ауданының Милютин ауылы
Қостанай облысы
2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
Әзірлеуші: «Жітіқара ауданының Милютин ауылы
әкімінің аппараты» ММ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
|
Бағдарлама атауы |
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылының жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған бағдарламасы |
|
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары |
ауылдың құрылу кезеңі: Милютин ауылы 1932 жылы құрылған; - халық саны: 335 адам, аула саны- 130; - аумағы: 47047 га; - жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және олар берілген мерзім: жергілікті қоғамдастық жиналысы 2024 жылы құрылған; - жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны: 18. |
ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округті дамыту
Жергілікті қоғамдастықты дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
2026 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 335 адамды құрайды.
Милютин ауылының негізгі кәсіпорны өсімдік және мал шаруашылығымен айналысатын "Шандыкөл" ЖШС болып табылады, сонымен қатар Милютин ауылының аумағында өсімдік шаруашылығымен айналысатын 5 ұсақ шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Ауылда жұмыс істейді: машина ауласы, МТШ, орталық қырман, диірмен, наубайхана, макарон цехы, асхана, қоғамдық монша.
Милютин ауылының әлеуметтік - экономикалық дамуының
талдауы
Ауылының экономикалық дамуы екі бағыттан тұрады: мал және өсімдік шаруашылығынан.
Ветеринария
Ауылда мал дәрігерлік бекет жұмыс істейді. «Ветеринария станциясы» МҚК ветеринарлық дәрігер ветеринарнық жабдықтармен толығымен жабдықталған, «Нива» автомобиль, кректі жиhас және кеңсе техника бар. Ғаламтор қосылған.
Ауыл аумағында мал сою алаңы жоқ, халықтан мал сатып алуы негізінен сатып алушылармен жүзеге асырылады.
Өнеркәсіп
Ауыл аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша қуаты тәулігіне 2 тонна ұн тартатын диірмен және өнімділігі тәулігіне 103 бөлке нан пісіретін наубайхана сияқты объектілер жұмыс істейді.
Шағын және орташа бизнес
Аулдың аумағынды 3 сауда объект жұмыс істейді («Байтышева З.С.» ЖК, «Соловьева Л.В.» ЖК, «Ахметжанова Р.А.» ЖК дүкендері). Азық-түлік, шаруашылық және өндірістік тауарларлар өткізіледі.
"Шандыколь" ЖШС-ғы асхана қоғамдық тамақтану объектісін ұсынады, оның жұмысы маусымдық сипатта жүргізіледі.
"Шандыколь" ЖШС-ғы қызмет көрсету саласында объекты қоғамдық моншамен ұсынылған.
Сумен жабдықтау
Ауыл тұрғындары 2015 жылғы пайдалануға берілген Волгоград топтық су құбырынан ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
2015 жылы таратушы желілерге қызмет көрсету үшін учаске құрылды: аға шебер - 1 адам, сорғы қондырғыларының машинисі - 4 адам, бақылаушы - 1 адам.
Электрмен жабдықтау
Аулдың электрмен жабдықтау «Қостанай энерго орталығы» ЖШС кәсіпорынымен жүзеге асырылады. 78% тозу деңгейімен ауыл ішіндегі электр беріліс желісінің жалпы ұзындығы 32,3 км құрайды. Жинақтық трансформаторлық қосалқы станциялар (ЖТҚС) мен трансформаторлық қосалқы станциялардың (ТҚС) саны -14 бірлік.
Газбен жабдықтау
Аудан орталығынан ауылдық елді мекенге сұйытылған газды қамтамасыз етуі сұйытылған газ базасынан баллондарды жеткізу арқылы жүзеге асырылады. 1 сұйытылған газ баллонның бағасы 2000 теңге болады. Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін, ауылды табиғи газбен газдандыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат қарастыру қажет.
Көлік инфрақұрылымы
Соңғыекіжылдаұзындығы7,8кмкентішілікжолдардыжөндеугеоблыстықбюджеттен–270,3млн.теңгебағытталды.
Жұмыснәтижелері бойынша жолдардыңүлесіжақсыжәнеқанағаттанарлықжағдайда100%(7,8км)жетті.
Анықтама:
–2024жылыМилютинкаауылыменРабочаякөшесінекіреберістіңорташажөндеуі,ұзындығы1,9км(ОБ–97,6млн.)жәнеКомсомольскаякөшесіне(1,8км,ОБ-15,8млн.) ағымдағыжөндеу(қиыршық тас),ұзындығы3,7км, жалпысомасы113,4млн. теңгеге орындалды.
- 2025 жылы жалпы ұзындығы 4,1 км Степная (2,04 км), Молодежная (1,1 км) және Школьная (1 км) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 156,9 млн. теңге сомасына орындалды.
Аумақтарды көгалдандыру мен санитарлық тазалау
Жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде санитарлық елді мекеннің аумағын тазалау бойынша шаралар жүргізіледі: ағаштардың және бұталардың жаңа көшеттерді отырғызу, бар ағаштарды ақтау, ауылдық елді мекенінен қоқысты шығару.
«Шандыколь» ЖШС-ның ҚТҚ полигоны бар.
Телефондандыру
Ауыл телефондандырылған. 143 нөмір сыйымдылығымен цифрлық АТС жұмыс істейді. 2025 жылдың 1 қаңтар жағдай бойынша телефон нөмірлердің саны 143 бірлікті құрады, оның 16-нөмір заңды тұлғаларда және 127 нөмірлері жеке тұлғаларда.
Денсаулық сақтау
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2025 жылдың қазан айында «Жітіқара ауданының Милютин ауылында медициналық пункт құрылысы» жобасы аяқталды. Жоба 2024-2025 жылдарға арналған екіжылдық.
2024жылытаспалытемірбетоніргетасын орнату бойыншақұрылыс-монтажжұмыстарыжүргізілді.
Шарттыңжалпысомасы141670,0мыңтеңге, 2025жылға134428,3мыңтеңгебөлінді.2024жылғаарналғаншарттыңсомасыоблыстықбюджеттен- 7241,7мыңтеңгені құрады.
- таспалы темірбетон іргетасын орнату бойынша монтаждау жұмыстары.
Білім
Милютин орта мектебінде 34 оқушы, шағын орталықта – 6 бала.
Мектеп типтік ғимаратта орналасқан, телефондандырылған, интернет желісіне қосылған.
2016 жылғы қараша айында Милютин орта мектебінің аумағында блокты-модульді қазандық орнатылған.
Барлық мұғалімдердің жоғары немесе орта арнайы білімі бар. Мектеп биология кабинеттерімен, информатика кабинетімен, өзін-өзі тану кабинетімен жабдықталған.
Мектеп жанындағы оқушыларды жазғы сауықтыру үшін балалардың сауықтыру алаңы жұмыс істейді.
Мәдениет
Барлық іс-шаралар «Шандыколь» ЖШС-ның МС өткізіледі. 2012 жылдан бастап ауыл кітапхана жұмыс істейді.
2024 жылдың тамыз айында Милютин ауылының мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Мәдениет үйінің ғимараты 2 қабаттан тұрады, күрделі жөндеу бойынша ғимараттың жалпы құрылыс көлемі - 8406,50 м3 құрады.
Спорт
Спорт нысанын ауылының аумағында мектептегі спорт зал қамтиды.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Ауыл аумағында қоғамдық қауіпсіздігін учаскелік полиция инспекторы қамтамасыз етеді. Бекініс пункт, тұру үшін пәтер, автомобиль, кеңсетехника бар.
Тұрғындардың жиындарда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қоғамдық қауіпсіздік және құқылық тәртіп бойынша Өткізілетін іс-шаралар барысында елді мекенде жедел жағдай тұрақты. УИП үнемі қоғамдық қауіпсіздік нормаларын түсіндіру бойынша және жеке мүлкін қорғау профилактикалық рейдтері өткізіледі.
Әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша Милютин ауылы әлеуеті жоғары дамуы ауылдық елді мекені болып табылады.
Бағдарлама Экономикалық қызметтерді, коммуналдық қызметтерді
ұсынумен, жұмыссыздықтың азаюымен, жаңа жұмыс орындарын құрумен байланысты мәселелерді қозғайды.
2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер
Позитивты факторлары:
- жем-шөп базаның даму есебінен мал шаруашылығын дамыту;
- тұрақты жұмыс істейтін базалық кәсіпорының болуы
Негативті факторлары:
инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым облысында:
- газ құбыры мен газ тарату желілерінің болмауы;
- «Қазпошта» бөлімшесінің болмауы.
III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Қаржыландыру көздері |
Іске асыру мерзімі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
I. ЖАЛПЫ СИПАТТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР |
|||||
|
1.1 |
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
Орындалған жұмыстар актісі |
31573,0 |
ЖБ |
2026 |
|
II. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ |
|||||
|
2.1 |
Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру |
Орындалған жұмыстар актісі |
784,0 |
ЖБ |
2026 |
|
2.2 |
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
Орындалған жұмыстар актісі |
203,0 |
ЖБ |
2026 |
|
III. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ |
|||||
|
3.1 |
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
Орындалған жұмыстар актісі |
955,0 |
АБ |
2026 г. |
Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға "Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты"ММ жауапты болып табылады.