Жітіқара ауданы Милютин ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба.
Милютин ауылының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамы және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылады.
2025-2027 жылдарға арналған ауылдық бюджетті бекіту 2024 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр.
Ауыл бюджетіне жоспарланған түсімдер-236116,0 мың теңге, оның ішінде:
Салықтық түсімдер-2386,0 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер-0,0 мың теңге;
Трансферттер түсімі – 233730,0 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша мыналар жоспарланады:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер-25314,0 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 46873,0 мың теңге;
Көлік және коммуникация – 163929,0 мың теңге.