Жітіқара ауданы Милютин ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба.
Милютин ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамы және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылады.
2024-2026 жылдарға арналған ауылдық бюджетті бекіту 2023 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр.
Ауыл бюджетіне жоспарланған түсімдер-131176,5 мың теңге, оның ішінде:
Салықтық түсімдер-1865,0 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер-0,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан тусетін түсімдер-641,0 мың тенге
Трансферттер түсімі – 127464,7 мың теңге;
Бюджет қаражатының бос қалдықтары-1205,4 мың теңге.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша мыналар жоспарланады:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер-25053,9 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 6248,0 мың теңге;
Көлік және коммуникация – 99872,8 мың теңге.
Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару - 1,8 мың теңге.