Жітіқара ауданы Милютин ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба.
Милютин ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамы және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылады.
2024-2026 жылдарға арналған ауылдық бюджетті бекіту 2023 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр.
Ауыл бюджетіне жоспарланған түсімдер-129418,0 мың теңге, оның ішінде:
Салықтық түсімдер-1171,0 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер-0,0 мың теңге;
Трансферттер түсімі – 128727,8 мың теңге;
Бюджет қаражатының бос қалдықтары-510,0 мың теңге.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша мыналар жоспарланады:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер-23502,2 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 6197,0 мың теңге;
Көлік және коммуникация – 100707,8 мың теңге.
Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару - 1,8 мың теңге.