Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 356 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 356 «Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

         Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 356 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Большевик ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер – 45 954,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 10 316,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсiмi бойынша – 35 638,0 мың теңге;

2) шығындар – 45 954,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -0,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –         0,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
06 марта 2026