Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы

 Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-7-тармағының             сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Большевик ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларғасәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер – 34 834,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2 932,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсiмi бойынша –31 902,0 мың теңге;

2) шығындар – 34 834,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –         0,0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттен Большевик ауылдық округінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 31 902,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған Большевик ауылдық округінің бюджетінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 0,0 мың теңгені құрайтыны ескерілсін.
  3. Кезекті қаржы жылына арналған Большевик ауылдық округінің бюджетінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленбегені ескерілсін.
  4. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жобасы
Дата публикации
12 декабря 2025