Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: 1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "жер учаскесінің сапалық жай – күйі туралы мәліметтерді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді беру туралы өтініш (бұдан әрі-қағидалар); (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген);
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Өкіл жүгінген жағдайда-өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесін орналастыру схемасының көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметке ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті сұрау салудың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
порталға:
1) Ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) жер учаскесін орналастырудың сканерленген схемасы;
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметке ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртектің) сканерленген көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықытық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкескелмеуі.