"Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

"Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:  1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мәліметтері мемлекеттік құпияларды қамтитын жер учаскелерін тіркеу кезінде тек жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге ғана жүгінеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

көрсетілетін қызметті берушіге:

мемлекет жер учаскесіне құқық берген кезде:

1) "Жер учаскесіне актiлерді дайындау және беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесiне актiнi дайындау және беру туралы өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

Өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлік тәртібімен жер учаскелерін алған кәмелетке толмағандарға жер учаскелеріне құқықтар ресімделген жағдайда туу туралы куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжат ұсынылады;

3) жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі (құжаттың көшірмесін салыстыру үшін түпнұсқасы);

4) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі ̶ уәкілетті орган) бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 14-1-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына, 2-тармағының 15) тармақшасына, 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жобаланып отырған жер учаскесінің "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің" графикалық деректерімен келісімі бар жерге орналастыру жобасы;

5) жергілікті жерлерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу материалдарының көшірмесі (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа).

Көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) бойынша жұмыстарды жүргізген жағдайда – жергілікті жерлердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) актісінің көшірмесі (құжаттардың көшірмелерін салыстырып тексеру үшін түпнұсқа);

6) жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған кезде нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жерде шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа);

7) жер учаскесін сатып алу-сату (жалдау) шартының көшірмесі (жер учаскесін сату (жалдау) кезінде) (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа);

8) жүргізілген жер учаскесін сатып алу (мемлекет жер учаскесін сатқан кезде, жер учаскесін жалдау құқығын сатып алған кезде) бағасын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесі (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін ̶ төлем тапсырмасы) (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа);

9) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда.

Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті осы Тізбенің осы тармағының 1), 2), 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді.

Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайларда жер учаскесіне актіні ауыстырған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 2), 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін, жер учаскесіне ауыртпалық түскен жағдайда, сондай-ақ координаттары болмаған кезде үшінші тұлғалардан рұқсатты ұсынады және осы Тізбенің осы тармағындағы 5) тармақшада көрсетілген құжаттар қоса беріледі;

Жер учаскесінің нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты оның сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде осы Тізбенің 1), 2), 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда нысаналы мақсатын өзгерткені үшін төленген төлем туралы төлем құжатының көшірмесін (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін – төлем тапсырмасы) ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы Тізбенің осы тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі;

Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы Тізбенің осы тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

Сауда-саттықта (аукциондарда) жергілікті атқарушы органнан мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне құқық алған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағындағы 1), 2), 4), 5), 7), 8) және 9-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін порталға мыналарды ұсынады:

мемлекет жер учаскесіне құқық берген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталға тіркелген және есепке алу жазбасы болғанда бір реттік құпиясөз арқылы куаландырылған электрондық құжат нысанындағы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне актіні дайындау және беру туралы өтініш;

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлiк құқығымен жер учаскелерiн алған кәмелетке толмаған адам жер учаскелерiне құқықтарды тiркеген жағдайда туу туралы куәлiктiң, заңды өкiлiнiң (қамқоршыларының, қорғаншыларының) жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi туралы мәлiметтерді және өкілдік ету өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ өкіл жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың көшірмесін не куәландыратын құжатты электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

2) жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы сканерленген шешімі;

3) Кодекстің 14-1-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына, 2-тармағының 15) тармақшасына, 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жобаланатын жер учаскесінің МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісімі бар, уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген, сканерленген жерге орналастыру жобасы;

4) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша сканерленген материалдар.

Көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) бойынша жұмыстарды жүргізген жағдайларда – жергілікті жерлерде жер учаскесінің шекараларын белгілеудің (қалпына келтірудің) сканерленген актісі;

5) жер учаскелерін орналастыруға арналған жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, жеке тұрғын үй құрылысына бөлу үшін учаскеге нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының сканерленген бөлігі және оның жергілікті жерлердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар;

6) жер учаскесінің сканерленген сатып алу-сату шарты (жер учаскесін жалдау құқығын сату кезінде – жер учаскесін жалдау құқығын сату-сатып алу шарты);

7) жер учаскесін сатып алу құнын төлеу туралы сканерленген төлем құжаты (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін – төлем тапсырмасы) (жер учаскесін мемлекет сатқан кезінде, жер учаскесін жалға беру құқығын сатып алу кезінде);

8) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметке ақы төлеу туралы сканерленген төлем құжаты (түбіртек).

Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайларда жер учаскесіне актіні ауыстырған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін, жер учаскесіне ауыртпалық болған жағдайда, үшінші тұлғалардан рұқсатты ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған кезде осы Тізбенің осы тармағындағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі;

Нысаналы мақсатының өзгеруіне байлансты жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде осы Тізбенің 1), 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда нысаналы мақсатын өзгерткені үшін төленген төлем туралы төлем құжатының көшірмесін (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін – төлем тапсырмасы) ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы Тізбенің осы тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі;

Қазақстан Республикасының бұрынғы заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы тізбенің осы тармағындағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

Сауда-саттықта (аукциондарда) жергілікті атқарушы органнан мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне құқық алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген құжаттарды ұсынады осы Тізбенің осы тармағындағы 1), 2), 4), 5), 7), 8) және 9)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Жер учаскесіне арналған акт не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтiң бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) одан әрі сақтау үшін береді.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Дата публикации
25 апреля 2025