Еңбек шарттары

Еңбек шарттары

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;

Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір данасы қызметкерде және жұмыс берушіде сақталады.

Осы орайда кәсіпорындар мен барлық меншік нысанындағы ұйымдар басшыларының назарын аударғым келеді, бұл ҚР ӘҚБтК 86-бабына сәйкес жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі – лауазымды адамдарға – 30 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға- 60 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 80 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – лауазымды адамдарға – 60 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 80 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне- 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет (әрекетсіздік), –

лауазымды адамдарға – 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 80 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне- 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – лауазымды адамдарға – 70 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 150 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне- 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынаста тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Жұмыс беруші келісім-шарт күшінде болған кезде оның кәсіпорнында кімге жұмыс істейтініне сенімді бола алады.

 

                                                          «Жітіқара ауданы әкімдігінің

                                                          жұмыспен қамту және әлеуметтік

                                                          бағдарламалар бөлімі» ММ

 

Дата публикации
11 октября 2024