
Мұндай мүмкіндік "eGov mobile" мобильдік қосымшасының арқасында қолжетімді.
Осы қосымшаның мүмкіндігін пайдалану үшін телефонға ЭЦҚ жүктеу және мобильді азаматтар базасында тіркелу ғана жеткілікті.
eGov mobile-да 125 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді, оның ішінде ЖАО көрсететін 35 қызмет 11 санат бойынша топтастырылған.
eGov mobile қосымшасының мүмкіндіктері бұнымен шектелмейді!
Қосымшада цифрлық құжаттардың 18 түрі іске асырылған, олар - жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын қайта атау туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, техникалық паспорт, , студенттік билет, білім туралы Диплом, зейнеткер куәлігі, Кандас куәлігі, әлеуметтік ID, 2021 жылы көлік құралын тіркеу туралы куәлік, вакцинация паспорты, көп балалы, Мүгедектік куәлігі, атаулы әлеуметтік көмек алушының куәлігі.