«Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметті беруді түсіндіру туралы.
«Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес " Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру " мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет 2 кезеңде көрсетіледі: Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі. Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.Екінші кезең: Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде .
көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін жіберіледі;) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде жүзеге асырылады.