Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат
2024 жылдың қаңтар айының нәтижелері
Өнеркәсіп. 2024 жылғы қаңтарда аудан кәсіпорындарында 6234,1 млн. теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2023 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 92,8%. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 86,1% құрады.
Жедел деректер бойынша 3-6 топтағы 18,0 мың тонна хризотил-асбест өндірілді, бұл өткен жылдың көлемінен 11,9%-ға кем. Құрамында алтыны бар кенді өндіру 14,7%-ға азаюмен 203, мың тоннаны құрады. Болат құю өндірісі (50,9 тонна) 56,6%-ға ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) 2024 жылғы қаңтарда 110,7 млн. теңгені, оның ішінде мал шаруашылығы – 110,7 млн. теңгені, өсімдік шаруашылығы өнімі – 0 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығының ЖКИ 50,6% құрады.
2024 жылғы қаңтарда мал мен құстың барлық түрлерін тірідей салмақта союға өткізу 56,6%-ға төмендеді (75,3 тонна өндірілді), сиыр сүті 6,3%-ға (92,2 тонна) ұлғайды, тауық жұмыртқасы 4,0%-ға ұлғаюмен 10,5 мың дана алынды.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 19,2%-ға ұлғаюмен ІҚМ 12942 бас бар, оның ішінде сиыр – 5850 бас, бұл өткен жылғы деңгейден 14,6%-ға, ешкі 31,5%-ға (388 бас бар), қой басы 0,2%-ға (9741 бас бар), құс – 23%-ға (12122 бас бар) жоғары. Шошқа басы – 21%-ға (503 бас бар), жылқы басы - 6,0%-ға (6736 бас бар) азайды.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,9%-ға немесе 111 бірлікке ұлғаюмен 1982 бірлікті, оның ішінде заңды тұлғалар – 14 субъектілерге ұлғаюмен 242 бірлікті, 74 субъектілерге ұлғаюмен жеке кәсіпкерлер саны – 1545 бірлікті, 23 шаруашылыққа ұлғаюмен шаруа қожалықтары - 195 бірлікті құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар. 2024 жылғы қаңтарда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 66,6%-ға азаюмен 151,0 млн. теңгені құрады. Инвестициялардың ЖКИ – 33,9% құрады.
Құрылыс жұмыстары. 2024 жылғы қаңтарда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың деңгейіне 27,0%-ға немесе 17.0 млн. теңгеге ұлғаюмен 80,0 млн. тенгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының ЖКИ – 119,1%.
Тұрғындардың қаражаты есебінен жалпы алаңы 151 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сауда. 2024 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 411,5 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауданың ЖКИ – 107,7%.
Көтерме сауда көлемі 887,8 млн. теңгені құрады. Көтерме сауданың ЖКИ – 102,8%.
Өмір деңгейі. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында аудан бойынша орташа айлық жалақы 21,7% өсіммен 311382 теңгені құрады.
Қаржы.
Өткен жылдың ұқсас кезеңіне меншікті кірістер 16,2%-ға немесе 67,0 млн. теңгеге ұлғаюмен аудандық бюджетке 481,4 млн. теңге түсті. Аудан бюджетіне салық және төлем түсімдерінің болжамы 108,0% орындалды.