Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған нақтыланған азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба.
Большевик ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, ҚР-ның 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлері және мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылады.
2024-2026 жылдарға арналған ауылдық бюджетті нақтылау 2024 жылғы наурызда жоспарланып отыр.
Ауыл бюджетіне жоспарланып отырған түсімдер-44 088,2 мың теңге, оның ішінде:
Салық түсімдері – 2 932,0 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;
Трансферттер түсімдері 41 156,2 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша мыналар жоспарланады:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 36 460,2 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық -5 578,0 мың теңге;
Көлік және коммуникация – 2 050,0 мың теңге.