Мемлекеттік қызметке орналасушыларға

Мемлекеттік қызметке орналасушыларға

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 06-7/179 бұйрығымен Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне өзгерістер енгізілді.
 Өзгерістер нақты Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасы бойынша енгізілген. Мәселен, барлық санаттар үшін белгіленген «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутататарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын білуге арналған тесттің орнына, енді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын білуге арналған тесттер енгізілді. Сонымен қатар, аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдардың (орталық  мемлекетік органдардың аумақтық құрылымдарынан бөлек) және ауылдық округ әкімдері аппараттарының бас және жетекші мамандары лауазымдарына орналасатын үміткерлер үшін заңнаманы білуге арналған тестілеу бағдарламасы 8 түрлі нормативтік құқықтық актіден 6-ға дейін азайтылды. Көрсетілген лауазымдар үшін тестілеу бағдарламасы 120 сұрақтан 90 сұраққа дейін азайтылғандығына қарамастан, тиісті тесттерді тапсыруға берілетін уақыт бұрынғы 100 минут мөлшерінде қалдырылып отыр.
Осылайша 2014 жылдың 1 наурызынан бастап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерді өзі таңдаған санатына байланысты келесі тестілеу бағдарламалардың  біреуінен өткізілетін болады:
1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
- мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
- логикалық тест (10 тапсырма);
- Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;
2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
- мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
- логикалық тест (10 тапсырма);
- Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» 
(15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;
3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
- мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
- логикалық тест (10 тапсырма);
- Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
Мемлекеттік тілді білуге арналған және логикалық тесттерде шекті мән белгеленбейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламаларының бірінші бағдарламасындатестілеуден өтудің шекті мәні әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды, ал қалған тестілеу бағдарламаларында әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды.
Бұдан басқа, осы жылғы 1 наурыздан бастап тестілеуге қатысу үшін өтініш берудің тәртібі өзгертіледі. Енді, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеуге қатысу үшін үміткерлерге өзінің білімін, жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды тапсырудың қажеті болмайды. Тестілеуге қатысу үшін интернет желісіндегі «Электрондық үікмет» (www.egov.kz) веб-Порталы арқылы online режимде өтініш беру жеткілікті болады. Сондай-ақ өтінішті халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе уәкілетті органның аумақтық құрылымдарына жүгіну арқылы беруге болады.
«Электрондық үкімет» веб-Порталында тиісті көрсетілетін қызмет түрін алу үшін тұтынушының электронды-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болуы қажет немесе уақытша тіркелуіне болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш беру үшін негізгі беттегі «Жұмысқа орналастыру» тарауына кіру қажет.
 Бұдан әрі қарай «Жұмысқа орналастыру» тарауында  «Мемлекеттік қызмет» айдарына кіре отырып «Тестілеуге жазылу» онлайн қызмет түрін таңдау қажет.

Тиісті қызмет түрін алуға көшу үшін айдар парағының оң жақ бөлігінде орналасқан «Онлайн қызметке тапсырыс» батырмасын басу қажет.
 Өтініш беруші бұдан әрі қарай қызметті алуға қажетті анықтамалық ақпараттың ішінен тестілеуден өткісі келетін өңірді, мемлекеттік лауазымның санатын көрсетуі қажет.  Келесі кезекте тестілеуден өтуді қалайтын күнін және уақытын таңдауы шарт.
Қызмет алуды ЭЦҚ арқылы растаған соң сұраныс автоматты түрде Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің жүйесіне жөнелтіледі. Тұтынушының жіберген сұранысы өңделіп болған соң,  пайда болатын «Қолхатты жүктеу» («Скачать расписку»)  батырмасы арқылы міндетті түрде Қолхатты жүктеп алу қажет.
Тестілеуден өтудің орны, мерзімі көрсетілген Қолхат мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады және Қолхат онда белгіленген мерзімге сәйкес тестілеуден өту алдында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкіліне ұсынылуы қажет.
Нақты мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін тұтыну бөлігіндегі қосымша ақпаратты халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе  Департаменттің 8 (7142) 500427, 501144 телефондары арқылы, сондай-ақ Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34,  № 507, 505 кабинеттерінен алуға болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

 

Дата публикации
22 ноября 2023