Талдамалық анықтама

 

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

                           

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген «Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүзеге асырылады.

«Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (бұдан әрі – талдау) объектісі болып табылады.

Талдау Большевик ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы «18» қаңтардағы № 4 өкімі негізінде жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2023 жылғы 25 сәуірден 31 мамырға дейін.

Талдаумен "Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің 2022 жылғы маусымнан 2023 жылғы сәуірге дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жергілікті қоғамдастық мүшесі Эмма Рудольфовна Өтебаеваны тарта отырып, бас маман Азамат Ерғозыұлы Тұрғанов жүргізді.                                                 

  1. Талдау жүргізудің мақсаттары мен міндеттері

          Талдаудың мақсаты «Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болып табылады.

Талдаудың міндеті «Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою болып табылады.

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Дата публикации
20 ноября 2023