«Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі - әкімнің аппараты) Большевик ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.