21 қарашада аудан әкімдігінің үлкен залында «Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 2 жобалар аяқталу бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

 

21 қарашада аудан әкімдігінің үлкен залында «Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 2 жобалар аяқталу бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.           

Іс-шара ҮЕҰ өзара іс-қимылы жөніндегі кеңесінің төрағасы – Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Ф.Г.Балашов төрағалығымен өтті, іс-шараға мемлекеттік мекемелерінің басшылары мен мамандары, қала мектептері мен колледждің мұғалімдері, жобалар бойынша жұмысты бағалау үшін сараптамалық комиссиясының мүшелері, қоғамдық бірлестіктері мен аудандық БАҚ-ң өкілдері қатысты.   

«Таза Қазақстан» Республикалық бағдарламасының шеңберінде Жітіқара ауданы халқының арасында экологиялық  мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобасы» лоты  «Neco» экологиялық клубы» ҚҚ-мен іске асырылды, жоба бойынша жұмысы туралы қор басшысы Н.Бирмагамбетов есеп берді.  

Жоспар бойынша 230 адам болса, 716 адам қамтылды, жанама қамту (әлеуметтік желілер, газеттер) жоспар бойынша 3000 адам болса, 82723 адам қамтылған болатын.

Жоба бойынша жұмысының шеңберінде 117 бренд футболкалар және 42 кепке сатып алынды, жастар және еріктілер 26 сәуірде және 11 қазанда көшеттер отырғызу бойынша аудандық акцияларға қатысты.

Сондай-ақ «Мы с природой дружим, мусор нам не нужен!» ұранымен «Чистый берег» атты 10 экологиялық акциялар,  «Экоплоггинг» және т.б. өткізілді, 516 адам қатысты.  Қала күніне орай жоба шеңберінде, сондай-ақ тартылған қаражат есебінен Жітіқарада және ауыл елді мекендерде аудан әкімдігі, аудандық мәслихаты, қала және ауыл әкімдіктері жәрдемдесуімен жүлделі қоры 500,0 мың теңге құрайтын «Үздік аула» атағына байқау өткізілді. Барлығы 43 өтінім келіп түсті, 100-ге жуық адамдар қатысты, Жітіқара қаласында номинациялар бойынша 8, ал аудан ауылдарында 10 жеңімпаз марапатталды.

Сондай-ақ а.ж. 9 шілдеден бастап 15 тамызға дейін үздік суретке «Табиғатты аялайық» атты эко-байқау өткізілді, 12 адам қатысты, Стулова Варвара жеңімпаз деп атанды. Барлық қатысушылар Қала күнінде өткізілген «Әнші балапан» байқауында марапатталды. Қамту  - 70 адамнан астам.

Жоба бойынша материалдар пайдалана отырып, тақырыптық әлеуметтік бейнеролик құрылды, ҚҚ, ішкі саясат бөлімінің, ЖРО әлеуметтік желілерінде, аудан әкімдігінің сайты мен Facebook-та орналастырды.

«Азаматтық және жастар бастамаларды қолдау, Жітіқара ауданында жобалар қаржыландыруымен әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесін өткізу» жобасы, «Жастар орталығы» ҚБ-мен іске асырылды, басшы Е.Венгерская.  

Жоба менеджері А.Лисовая жобаның негізгі мақсаты азаматтық бастамалардың белсендіруін арттыруға және әлеуметтік маңызы бар жобаларын іске асыруға бағытталған деп баяндады. Ең алдымен, әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінің ережесі әзірленді және а.ж. 28 мамырда БЖМ акт залында жобаның тұсаукесері мен «Жоба қалай дұрыс жазу керек» семинар-тренинг өткізілді.

Сондай-ақ дәл осы күні 500,0 мың, 700,0 мың, 1000,0 мың теңгеден қаржыландыруымен және сомадан 20% мөлшердегі бірлесіп қаржыландыруымен                      3 жоба іріктеуімен конкурс жарияланды. 25 маусымға дейін Жәрмеңке – 2025 өтінімдерді қабылдау жүргізілді.   Барлығы 8 өтінімдер келіп түсті, бірақ тек 4 жобаға рұқсат берілді (4 өтінімде бірлесіп қаржыландыруға арналған кепілді хат болмады).    

3 шілдеде АМС-да дәстүрлі түрде Әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесі өткізілді, комиссиялық түрінде Жітіқара ауданында жобалар қаржыландыруымен әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды. Олар:  

  • 1 орын – «Beauty Skill» жобасы - Успанова А.С., Балалар қолдау орталығы – 1,0 млн теңге.
  • 2 орын – «INTERACTIV» мүгедектігі бар балаларға арналған интерактивті және инновациялық шығармашылық орталығы» жобасы - «Алтын жүрек» ҚБ, басшы Омарова А.С. – 700,0 мың теңге.
  • 3 орын – «АСБ (аутистік спектрінің бұзылуы) бар балаларға арналған білім беру студиясы» жобасы - Шумкова Е.В. АСБ бар балалар ата-аналарының бастамашыл тобынан – 500,0 мың теңге.

Қазан айына дейін жобалар іске асырылды.

«Beauty Skill» жоба бойынша 3 адам 2 ай бойы «Эллен» оқу орталығында «Маникюр және педикюр шебері» курсында оқыды, ол бірлесіп қаржыландыруға қатысып, жобаға қатысушыларды 210,0 мың теңге сомаға тегін оқытып шығарды. Мамандандырылған кабинет жабдықталды: қажетті жиһаз, кәсіби жабдығы және алдағы тәжірибесіне арналған жеке құрал-саймандар жинағы сатып алынды.

Болашақта жұмыс тәрбиеші А.С.Успанованың басшылығымен үйірме қызметі аясында жалғасады,ол тәрбиеленушілерді маникюр өнерінің негіздеріне үйретеді, олардың кәсіби құзыреттілігі мен сұлулық индустриясына деген қызығушылығын дамытады. Сондай-ақ орталық тәрбиеленушілеріне гигиена, эстетика, күнделікті өмірде ұқыптылыққа дағдылары үйретіледі.

«INTERACTIV» жобасының мақсаты оқыту мен шығармашылықтың интерактивті және инновациялық әдістемелерін пайдалана отырып, мүгедек балалардың шығармашылық, коммуникативтік және когнитивтік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, ата-аналарды бірлескен қызметке тарту және балалармен сабақтарды ұйымдастыру үшін материалдық-техникалық жарақтандыру қамтамасыз ету. Түрлі санаттағы мүгедектігі бар 16 бала қатысты, олармен интрактивті шебер-кластар, түрлі сабақтар және ата-аналармен бірлескен іс-шаралар өткізілді. Осы мақсатта теледидар, ноутбук, караоке жүйесі, аудиогарнитура сатып алынды.     

«АСБ бар балаларға арналған білім беру студиясы» жобасы бойынша аутистік спектрінің бұзылуы бар (АСБ) балаларға арналған сөйлеу және коммуникацияны дамытуға білікті әрі қол жетімді көмек көрсететін мамандандырылған логопедиялық студиясы құрылды. Жобаның әлеуметтік маңызы бар, АСБ диагнозы бар балалар сөйлеуді түзетудің заманауи әдістер және жеке жұмыс істеу арқасында ыңғайлы, қолдаушы ортада сөйлеу және коммуникативті дағдыларды дамыта алады.   

Дайындық барысында негізгі ұйымдастырушылық мәселелер шешілді:  үй-жай табылды және жабдықталды, қажетті материалдар, жиһаз, техника және логопедиялық құралдар сатып алынды. Студия кеңістігі балалардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, жұмсақ мәнерде, жылы жарықтандырумен және қауіпсіз интерьер элементтерімен безендірілген. Бұл сабақтар кезінде жайлылық, сенім мен зейін қалыпты құруға мүмкіндік берді. Жобаның қамтуы - 12 бала және олардың ата-аналары.  

3 жобаны іске асыру қорытындысы бойынша жеңімпаздар растайтын материалдармен есептер тапсырды, «Жастар орталығы» ҚБ әлеуметтік роликтер жасады және орналастырды.  

 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар жобаларының іске асыруға ақпараттық сүйемелдеу аудан әкімдігінің сайтында, аудандық БАҚ-та, қоғамдық бірлестіктердің, ішкі саясат бөлімінің, ЖРО әлеуметтік желілерінде жұмыс барысында жүргізілді.

Сөз сөйлегендер сұрақтарға жауап берді. Іс-шара қатысушылары келесі жылдың жобаларына арналған ұсыныстар берілді.

 

Жітіқара ауданы әкімдігінің

ішкі саясат бөлімі

 

 

 

Отдел внутренней политики

акимат Житикаринского района

 

 

Дата публикации
24 ноября 2025