2025 жылғы 3 тоқсанына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг:
Ауыз судың сапасына.
Тоқсан сайын «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына сәйкес орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі.
Қауіпсіз сумен қамтамасыз етудің негізгі факторы ауыз судың сапасы болып табылады, ол микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Ауыз судың сапасын бақылау сумен жабдықтау объектілерін мониторингілеу, өндірістік бақылау және тексеру шеңберінде зертханалық зерттеулер арқылы жүзеге асырылады.
2025 жылдың 3 тоқсанында микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштерге су құбырымен жүретін судың 80 сынамасы зерттелді. Сәйкессіздіктер анықталған жоқ..
Атмосфералық ауа сапасының мониторингі
Тоқсан сайын «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына сәйкес Жітіқара ауданындағы атмосфералық ауаның санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі жүргізіледі.
Атмосфералық ауа - адам, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне қажетті табиғи ортаның маңызды құрамдас бөлігі. Ауаға түсетін негізгі жүктеме өнеркәсіптің дамуы, техникалық процесс және көлік ағынының ұлғаюы нәтижесінде пайда болады, бұл улы заттардың зиянды өндіріс қызметкерлеріне ғана емес, бүкіл халыққа кең әсер етуіне әкеледі.
2025 жылға 33 бақылау орны бекітілді. 2025 жылдың 9 айында 450 сынама мынадай көрсеткіштерге зерттелді: көміртек оксиді-36, азот оксиді-36, күйе-42, күкірт диоксиді-42, азот диоксиді-42, күкіртсутек-18, минералды мұнай майы-12, өлшенген заттар-18, қорғасын-42, көмірсутектер шекті С12-19 - 12, көміртек тотығы-6, бензин-24, көмірсутектер-24, бейорганикалық шаң - 54, аммиак-6, формальдегид-6, хлор-6, сынап-24. Шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кету анықталған жоқ.
Шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кету тіркелген жоқ.
Су айдындары мен субұрқақтардан алынған су сапасының мониторингі.
Халық арасында инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуын алдын алу мақсатында, Жітіқара ауданы аумағында ағатын ашық көздердің су қорғау белдеулері шегінде тоқсан сайын санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг барысында су айдындары мен субұрқақтарынан су сынамалары алынады.
2025 жылдың 3 тоқсанында микробиологиялық, санитарлық-химиялық, паразитологиялық, радиологиялық және вирусологиялық зерттеулерге су айдындарынан 30 су сынамасы және субұрқақтардан 9 сынама алынды. Сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
Топырақ жағдайының сапасына мониторинг
Қалалық аумақтардың топырақ жағдайы ерекше назар аударуды қажет етеді, өйткені көлік, өнеркәсіп, құрылыс процестерінің әсері топырақ жүйесіне тұрақты жүктеме береді, бұл оның барлық дерлік компоненттерінің өзгеруіне әкеледі. Топырақты қорғау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудегі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде топырақ сынамаларын алу жылдың жылы мезгілінде тоқсанына 1 рет жүргізіледі. 2025 жылдың 3 тоқсанында микробиологиялық, санитарлық-химиялық, паразитологиялық зерттеулерге 99 топырақ сынамасы алынды. Зерттеу нәтижелері гигиеналық нормативтерге сәйкестігін көрсетті.
«Жітіқара аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
жетекші маманы
Жумагалиева А.С.