Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Жітіқара ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 239 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 206032 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жітіқара ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 10 033 235,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 5 516 858,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 39 804,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 8 334,0 мың теңге;
трансферттер түсiмi бойынша – 4 768 239,5 мың теңге;
2) шығындар – 10 619 701,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -70 771,3 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 167 791,7 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 238 563,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 51 520,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 267 214,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 267 214,2 мың теңге.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 56), 57), 58), 59) тармақшалармен толықтырылсын:
«56) «Житикаракоммунэнерго» МКК № 2 су тазарту құрылыстарының сүзгі станциясындағы бекіту арматурасын ауыстыру бойынша ағымдағы жөндеуге;
57) «Житикаракоммунэнерго» МКК су тазарту құрылыстарында алаңішілік су құбыры желілерін ағымдағы жөндеуге;
58) ТК-19-дан № 60 ғимаратқа дейін 2 шағын ауданда жылу желісін ағымдағы жөндеуге;
59) «Лайлы тау, Жітіқара қ.» техногендік минералдық түзілімін рекультивациялау бойынша жұмыстар жүргізуге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.