Жітіқара ауданы әкімінің қаулысының 2024 жылғы «____»№_________ жобасы
Инватакси қызметтерін алушылар санатын кеңейту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедек адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген), Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
2) қозғалыс аппаратының тірек функциялары бұзылған және қозғалыс қиындықтары бар мүгедектігі бар адамдар;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар бала кезінен мүгедектігі бар балалар;
4) аутизм спектрі бұзылған мүгедектігі бар балалар.
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Жітіқара ауданының
әкімі Н. Жаныспаев