Забелов ауылында суару жүйесін орнату
Жобаның бастамашысы Забелов ауылында жұмыс істеп тұрған ШҚ - «Турабаев Б.А.» ШҚ. Инвестиция сомасы – 434 млн. теңгені құрайды, оның ішінде өз қаражаты есебінен (388,2 млн. теңге) және «Тобыл» ӘКК» АҚ арқылы қарыз есебінен (45,8 млн. теңге). Жобалық қуаттылығы – 400 га. 10 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Пайдалануға беру мерзімі - 2024 жылғы шілде. Суаруды картоп, қырыққабат, қызылша, сәбіз бойынша жүргізу жоспарлануда.
Ағымдағы жағдай: Кадастрлық нөмірі 12-179-008-018 суаруға арналған алаңы 432 га жер учаскесі бар. Топотүсірілім жүргізілді. Бизнес-жоспар бар, ЖСҚ-ны «М-АРХ» ЖШС әзірлеген. ДДН-70, ДДА100 (2 дана) суару жабдығы, қуаты 60 Квт Д 50/80 сорғы сатып алынды. Ұзындығы 1860 м су құбыры желілерінің құрылысы жоспарланған. ЖСҚ кезекке бөлінді, су құбырын жүргізу бюджеті есебінен 1170 м (45,8 млн.теңге) және өз қаражаты есебінен 690 метр. Жоба бойынша сараптама қорытындысы алынды.