Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жүйелерін орнату

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жүйелерін орнату».

 

Чайковский ауылында 2024 жылы «Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жүйелерін орнату» жобасын іске асыру басталды. Жобаның бастамашысы «Шаденов А.С.» ШҚ басшысы - Шаденов Руслан Аскарович. Жоба аясында 6 уақытша жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жобаның құны 350 млн. теңгені (жеңілдетілген кредиттеу есебінен 250 млн. теңге) және өз қаражатынан (100 млн.теңге) құрайды.

Жобаның ағымдағы кезеңінде жобалық қуаттылығы  200 гектарды құрайды, болашақта суару алаңдарын 800 гектарға дейін кеңейтуге болады. Жақсы жем-шөп базасымен қамтамасыз ету мақсатында суаруды жүгері, жоңышқа, судан шөбі, арпа бойынша жүргізу жоспарлануда. Алдағы уақытта жем-шөп базасымен қамтамасыз ету сүт-тауар фермасын салу жобасын іске асыру кезінде маңызды фактор болып табылады. «Шаденов А.С.» ШҚ-да 6138 га а/ш алаңы бар, оның ішінде егістік - 4282 га, жайылым – 1840,5 га.

Жобаны іске асыру кезінде «Western» фирмасының 2 жаңбырлатқыш машинасын сатып алу жоспарлануда, жем-шөп дақылдарын суару алаңын кеңейткен жағдайда кейіннен машиналар санын арттыру жоспарлануда.    

Ағымдағы жылдың маусым айындағы жағдай бойынша жоба бастамашысымен бірлесіп мынадай жұмыстар орындалды:

- Жем-шөп дақылдарын суаруға арналған алаңы бар жер учаскесі анықталды,

- Топотүсірілім жүргізілді

- Суару жөніндегі  жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша «М-АРХ» ЖШС-пен шарт жасалды (сараптаманы шамамен а.ж. тамыз айында алу). Жоба бойынша машиналардың орналасу схемасы әзірленді, суару машиналары, сорғы станциялары, электр қабылдағыштардың қуаты таңдалды.

- Суару жүйесіне жеткізу үшін электр беру желілерін салу жобасы әзірленді. ЖСҚ сараптамада (сараптаманың оң қорытындысы а.ж. шілде айында күтілуде).

Сараптаманың оң қорытындысымен қаржыландыру Кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасы бойынша облыстық бюджет есебінен жоспарланды.

Бұл Бағдарлама бойынша қаржыландырудың ағымдағы жылы болмауына байланысты инфрақұрылымды жүргізу жөніндегі жобаны іске асыру 2024 жылдан 2025 жылға ауыстырылады.

Дата публикации
25 июня 2024