2024-2026 жылдарға арналған Жітіқара ауданының нақтыланған Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба.
2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік көрсеткіштері болжамының және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау 2024 жылғы ақпан айына жоспарланып отыр.
2024 жылға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері:
Аудандық бюджетке жоспарланған түсімдер - 9 241 417,8 мың теңге, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 4 806 266,0 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер – 34 977,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 120,0 мың теңге;
Трансферттер түсімі – 4 395 054,8 мың теңге;
Функционалдық топтар бойынша шығыстар, барлығы 9 348 056,4 мың теңге, оның ішінде:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 1 466 534,1 мың теңге;
Қорғаныс – 45 021,8 мың теңге;
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі – 44 414,0 мың теңге;
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 785 387,5 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1 427 710,9 мың теңге;
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 558 267,0 мың теңге;
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану – 871 476,4 мың теңге;
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 92 758,0 мың теңге;
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі – 60 897,0 мың теңге;
Көлік және коммуникация – 1 546 835,0 мың теңге;
Басқалар – 322 739,8 мың теңге;
Борышқа қызмет көрсету – 99 226,0 мың теңге;
Трансферттер – 2 026 788,9 мың теңге.