Өнеркәсіп. 2023 жылғы қаңтар-тамызда аудан кәсіпорындарында 59251,6 млн. теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2022 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 100,6%. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 100,3% құрады.
Статистикалық деректер бойынша 3-6 топтағы 174,7 мың тонна хризотил-асбест өндірілді, бұл өткен жылдың көлемінен 10,3%-ға артық. Құрамында алтыны бар кенді өндіру 10,2%-ға азаюмен 2245,5 мың тоннаны құрады. Болат құю өндірісі (608 тонна) 8,4%-ға ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) 2023 жылғы қаңтар-тамызда 7405 млн. теңгені, оның ішінде мал шаруашылығы – 4511,7 млн. теңгені, өсімдік шаруашылығы өнімі –2893,3 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығының ЖКИ 115% құрады.
2023 жылғы қаңтар-тамызда мал мен құстың барлық түрлерін тірідей салмақта союға өткізу 9%-ға ұлғайды (1497 тонна өндірілді), сиыр сүті 10,7%-ға (8194,9 тонна) төмендеді, тауық жұмыртқасы 0,1%-ға ұлғаюмен 3185,5 мың дана алынды.
2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 0,2%-ға ұлғаюмен ІҚМ 18089 бас бар, оның ішінде сиыр – 8009 бас, бұл өткен жылғы деңгейден 10,6%-ға, ешкі 2,5%-ға (827 бас бар), қой басы 7,8%-ға (11890 бас бар), жылқы басы - 6,9%-ға (6471 бас бар), құс – 1,5%-ға ( 57254 бас бар) жоғары, шошқа басы – 0,3%-ға (1101 бас бар) төмендеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 19,3%-ға немесе 345 бірлікке ұлғаюмен 2133 бірлікті, оның ішінде заңды тұлғалар – 64 субъектілерге ұлғаюмен 280 бірлікті, 118 субъектілерге ұлғаюмен жеке кәсіпкерлер саны – 1654 бірлікті, 24 шаруашылыққа ұлғаюмен шаруа қожалықтары - 199 бірлікті құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар. 2023 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,4 есе ұлғаюмен 15783 млн. теңгені құрадыИнвестициялардың ЖКИ – 2,4 құрады.
Құрылыс жұмыстары. 2023 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың деңгейіне 8,46%-ға немесе 195 млн. теңгеге ұлғаюмен 2464 млн. тенгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының ЖКИ – 106,2%
Тұрғындардың қаражаты есебінен жалпы алаңы 4110 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сауда. 2023 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 3757,2 млн. теңгені құрады Бөлшек сауданың ЖКИ – 103,7%
Көтерме сауда көлемі 5737,2 млн. теңгені құрады. Көтерме сауданың ЖКИ – 100,1%.
Өмір деңгейі2022 жылғы қаңтар-маусым айларында аудан бойынша орташа айлық жалақы 24,4% өсіммен 294641 теңгені құрады
Қаржы.
Өткен жылдың ұқсас кезеңіне меншікті кірістер 15,9%-ға немесе 470,1 млн. теңгеге ұлғаюмен аудандық бюджетке 3420,9 млн. теңге түсті Аудан бюджетіне салық және төлем түсімдерінің болжамы 111,9% орындалды.