«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 Жітіқара ауданы әкімдігінің

2023 жылғы  ___________

№ _______ қаулысының

жобасы

 

 

 

 «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

          Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №262 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«14. Өкілдіктері:

Құқықтары:

1) Осы Ережеге сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның атынан өкілдік ету;

2) өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекеменің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар және өзге де актілер шығару;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды заңда белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Міндеттері:

1) жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласының дамуын белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені сақтау;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына қолжетімдікті қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.»;

15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«15. Функциялары

1) нормативтік құқықтық актілерді, халықтың өмір деңгейін тұрақтандыру мен арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

          3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету;

          4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құқықтарын, еркіндіктерін мен заңды мүдделерін іске асыруда қажетті шаралар қабылдау;

          5) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша өзара әрекет ету

          6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құыреті шеңберінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

7)  халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру;

          8) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарға тегін санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беруге құжаттарды ресімдеу және есепке алу;  

          9) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

          10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;

24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«24. Жұмыспен қамту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

  1. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

          

 

Жітіқара ауданының

             әкімі                                                                      Н. Өтегенов

 

 

        

«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

әкімдіктің

2023 жылғы «___» _____________№ ____қаулысының жобасына

түсіндірме жазба

 

р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Ескерту

1.

 Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет Аппаратының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.

3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай – ақ қажет болған жағдайда-республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жоқ

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.

Жоқ

5.

Нақты мақсаттары мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Әкімдік қаулысын әділет органдарында тіркеу 2023 жылғы қазан

6.

Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер.

«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №262 қаулысы

7.

Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына ол қабылданған жағдайда сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.

Жоқ

8.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

Жоқ

9.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат.

Жоқ

10.

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді

11.

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Жоқ

 

«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ басшысы                                                                                          Т. Жабулов

 

«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жітіқара ауданы әкімдігі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте

 

№ р/с

Құрылымдық

элементі

Бұрынғы редакция

Жаңа редакция

Енгізілетін өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың негіздемесі

1

14-тармақ

      14. Өкілдіктері:

      Құқықтары:

      1) Осы Ережеге сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның атынан өкілдік ету;

    2) өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекеменің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар және өзге де актілер шығару;

    3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды заңда белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Міндеттері:

1) жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласының дамуын белгілеу;

2) ведомстволық бағынысты мекемеге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені сақтау;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына қолжетімдікті қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

14. Өкілдіктері:

      Құқықтары:

      1) Осы Ережеге сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның атынан өкілдік ету;

    2) өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекеменің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар және өзге де актілер шығару;

    3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды заңда белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Міндеттері:

1)      жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласының дамуын белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені сақтау;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына қолжетімдікті қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне сәйкес келтіру.

2

15-тармақ

15. Функциялары:

1) ведомствоға бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін үйлестіру;

2) нормативтік құқықтық актілерді, халықтың өмір деңгейін тұрақтандыру мен арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету;

5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құқықтарын, еркіндіктерін мен заңды мүдделерін іске асыруда қажетті шаралар қабылдау;

6) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша өзара әрекет ету;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құыреті шеңберінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

8)  халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру;

9) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарға тегін санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беруге құжаттарды ресімдеу және есепке алу;  

10) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

15. Функциялары

1) нормативтік құқықтық актілерді, халықтың өмір деңгейін тұрақтандыру мен арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құқықтарын, еркіндіктерін мен заңды мүдделерін іске асыруда қажетті шаралар қабылдау;

5) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша өзара әрекет ету;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құыреті шеңберінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

7)  халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру;

8) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарға тегін санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беруге құжаттарды ресімдеу және есепке алу;  

9) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3

24-тармақ

24. Жұмыспен қамту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымы «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.

24. Жұмыспен қамту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

               
Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы " Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы      
               
  Жобаның жарияланған күні: 28.08.2023          
  Есепті қалыптастыру күні: 13.09.2023          
  Жобаны "қолдап" ақпаратты пайдаланушылардың жалпы дауыстары: 1          
  Жобаны "қарсы" ақпаратты пайдаланушылардың жалпы дауыстары: 0          
  Барлық ескертулер және (немесе) ұсыныстар: 0          
  Барлық жауаптар: 0          
  Жақтау ақпаратты пайдаланушылардың барлық дауыстары (ұсыныс): 0          
  Қарсы ақпаратты пайдаланушылардың жалпы дауыстары (ұсыныстар): 0          
  Нормативтік құқықтық актінің түрі: Қаулы          
  Санат: Әлеуметтік қамсыздандыру          
  Мемлекеттік орган: Қостанай облысы Жітіқара ауданы          
               
               
№р/с Құрылған күні Автор Нормативтік құқықтық актінің  түсіндірмелі құрылымдық бөлігі Ақпаратты пайдаланушының ескертулерінің және (немесе) ұсыныстарының мәтіні Мемлекеттік органның жауап мәтіні Ұсынысты "қолдап" ақпаратты пайдаланушылардың дауыстарының саны Ұсынысқа "қарсы" ақпаратты пайдаланушылардың дауыстарының саны
1 Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына келіп түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар          
1.1 осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария талқылау процесінде келіп түскен (ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына)         
1.2 осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, тікелей дебаттарға немесе жария тыңдауларға түскендер          
2. Қоғамдық кеңес мүшелерінен түскен            
3. Сараптамалық кеңес мүшелерінен түскендер            
4. ҰКП-дан түскендер            

 

Дата публикации
28 августа 2023