2020 жылдың қаңтар-маусым Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері

        Өнеркәсіп.  2020 жылғы қаңтар-маусым айларында аудан кәсіпорындарында 35642,7 млн. теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2019 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 127,3%. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 100,1% құрады.

        Жедел деректер бойынша 3-6 топтағы 102,6 мың тонна асбест өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға көп, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 1,2%-ға ұлғаюмен 6 айда хризотил өндрілді, құрамында алтыны бар кенді өндіру 9,5%-ға ұлғаюмен 1789, 5 мың тоннаны құрады.

        Болат құю өндірісі (456,1 тонна) 24,6%-ға ұлғайды, шойын құю (41,4 тонна) 82%-ға ұлғайды.

        Жедел деректер бойынша өңделмеген және жартылай өңделген («Доре» қорытпасы) және ұнтақ (катодты алтын) түріндегі алтын көлемі 61 кг құрады, бұл өткен жылғы көлемдерден 19,6%-ға жоғары.

        Ұн көлемі 43%-ға азаюмен 2,1 мың тоннаны құрады, бұл қайта өңделетін шикізаттың (астық) жоғары құнына байланысты.

        «АДМ Агро-Кост» ЖШС жабылуына байланысты шұжық өнімдері 3 есеге немесе 10 тоннаға азаюмен 5 тонна өндірілді.

        «Дина» ЖШС жабылуына байланысты 29%-ға немесе 31 тоннаға азаюмен  тұтас сүт өнімдерін өндіру – 75 тонна.

         3,3 есеге немесе 16 тоннаға ұлғаюмен нан-тоқаш өнімдерін өндіру – 23 тонна.

 

         Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің 2020 жылғы қаңтар-маусым айларында 20,1%-ға ұлғаюмен 2820,3 млн. теңгені, оның ішінде мал шаруашылығы   – 20,2%-ға ұлғаюмен 2816,8 млн. теңгені, өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімі– 3% өсіммен 2,5 млн. теңгені, қызметтер – 0,1 млн. теңгені құрады.

        Ауыл шаруашылығының ЖКИ 102,1% құрады.

        2020 жылғы қаңтар-маусым айларында мал мен құстың барлық түрлерін тірідей салмақта союға өткізу 4,4%-ға (1833,9 тонна өндірілді), сиыр сүті 0,2%-ға (7858,7 тонна) ұлғайды, тауық жұмыртқасы 0,7%-ға ұлғаюмен 2198,9 мың дана алынды.

         2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 0,3%-ға азаюмен ІҚМ 20221 бас бар, оның ішінде сиыр - 9453 бас, бұл өткен жылғы деңгейден 3,2%-ға жоғары.

         Жылқы басы-  7,7%-ға (4754 бас бар), ешкі 6,5%-ға (753 бас бар) ұлғайды.

         Азықтың қымбаттауына байланысты қой басы 0,6%-ға (11561 бас бар), шошқа басы 17%-ға (1168 бас бар), құс – 3,2%-ға (30808 бас бар) төмендеді.

 

         Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4%-ға немесе 75 бірлікке азаюмен 1813 бірлікті, оның ішінде 1 кәсіпорынға ұлғаюмен заңды тұлғалар - 189 бірлікті, 16 шаруашылыққа өсумен шаруа қожалықтары - 169 бірлікті құрады.  92 субъектілерге азаюмен жеке кәсіпкерлер саны - 1455 бірлік.

         Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 4,3%-ға азаюмен 3921 адамды құрайды. 

 

         Негізгі капиталға инвестициялар. 2020 жылғы қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 25,9%-ға азаюмен 4042 млн. теңгені құрады. Инвестициялардың ЖКИ – 69,3% құрады.

        

         Құрылыс жұмыстары. 2020 жылғы қаңтар-сәуір айларында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есеге немесе 57 млн. теңгеге ұлғаюмен 107 млн. тенгені құрады.

        Құрылыс жұмыстарының ЖКИ – 2,1 есені құрады.

        Тұрғындардың қаражаты есебінен 11,8%-ға ұлғаюмен жалпы ауданы 789 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

        Сауда.  2020 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 0,4% өсіммен 1131,4 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауданың ЖКИ – 93,2%.

 

        Өмір деңгейі. 2020 жылғы қаңтар-наурызда аудан бойынша орташа айлық жалақы 16% өсіммен 166 329 теңгені құрады.

         Қаржы.  2020 жылғы қаңтар-сәуірде мемлекеттік бюджетке 3606,1 млн. теңге түсті.

         Өткен жылдың ұқсас кезеңіне 22,2%-ға немесе 184,3 млн. теңгеге ұлғаюмен аудандық бюджетке 1013,7 млн. теңге түсті. Аудан бюджетіне салық және төлем түсімдерінің болжамы 102,8% орындалды.

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 июля 2020