Өнеркәсіп. 2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында аудан кәсіпорындарында 28453,1 млн. теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2019 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 125,8%. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 94,6% құрады.
Жедел деректер бойынша 3-6 топтағы 82,3 мың тонна асбест өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға аз, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 1,1%-ға ұлғаюмен 5 айда хризотил өндрілді, құрамында алтыны бар кенді өндіру 1,7%-ға азаюмен 1347, 3 мың тоннаны құрады.
Болат құю өндірісі (371,7 тонна) 16,1%-ға ұлғайды, шойын құю (31,6 тонна) 71,1%-ға ұлғайды.
Жедел деректер бойынша өңделмеген және жартылай өңделген ( «Доре» қорытпасы) және ұнтақ (катодты алтын) түріндегі алтын көлемі 15 кг құрады, бұл өткен жылғы көлемдерден 6,2%-ға төмен.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің 2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында 19,6%-ға ұлғаюмен 1755,1 млн. теңгені, оның ішінде мал шаруашылығы – 19,6%-ға ұлғаюмен 1752 млн. теңгені, өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімі– өткен жылғы деңгеймен 3 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығының ЖКИ 102,6% құрады, оның ішінде мал шаруашылығы – 102,6%, өсімдік шаруашылығы - 100%.
2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында мал мен құстың барлық түрлерін тірідей салмақта союға өткізу 4,8%-ға ( 1309,5 тонна өндірілді), сиыр сүті 0,3%-ға (4333,8 тонна) ұлғайды, тауық жұмыртқасы 0,7%-ға ұлғаюмен 1566,3 мың дана алынды.
2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 1,3%-ға азаюмен ІҚМ 20930 бас бар, оның ішінде сиыр - 8891 бас, бұл өткен жылғы деңгейден 3,7%-ға жоғары.
Жылқы басы- 7,6%-ға ( 4586 бас бар), ешкі 4,6%-ға ( 751 бас бар) ұлғайды.
Азықтың қымбаттауына байланысты қой басы 1%-ға ( 11573 бас бар), шошқа басы 18,3%-ға ( 1061 бас бар), құс – 3,2%-ға ( 30852 бас бар) төмендеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,1%-ға немесе 119 бірлікке азаюмен 1840 бірлікті оның ішінде 6 кәсіпорынға ұлғаюмен заңды тұлғалар - 195 бірлікті, 12 шаруашылыққа өсумен шаруа қожалықтары - 176 бірлікті құрады. 137 субъектілерге азаюмен жеке кәсіпкерлер саны - 1469 бірлік.
Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 4,2%-ға азаюмен 3939 адамды құрайды.
Негізгі капиталға инвестициялар. 2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 33%-ға азаюмен 5249 млн. теңгені құрады. Инвестициялардың ЖКИ – 63,3% құрады.
Құрылыс жұмыстары. 2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 3,2% немесе 4 млн. теңгеге ұлғаюмен 130 млн. тенгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының ЖКИ – 102,8% құрады.
Тұрғындардың қаражаты есебінен 9,8%-ға ұлғаюмен жалпы ауданы 896 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сауда. 2020 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 3,7% өсіммен 1483,4 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауданың ЖКИ – 96,3%.
Өмір деңгейі2020 жылғы қаңтар-наурызда аудан бойынша орташа айлық жалақы 19% өсіммен 166 329 теңгені құрады.
Қаржы. 2020 жылғы қаңтар-мамырда мемлекеттік бюджетке 5512,4 млн. теңге түсті.
Өткен жылдың ұқсас кезеңіне 20,9%-ға немесе 527,9 млн. теңгеге ұлғаюмен аудандық бюджетке 3053,3 млн. теңге түсті. Аудан бюджетіне салық және төлем түсімдерінің болжамы 107,8% орындалды.