Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-қазанда аудан кәсіпорындарында 75536,6 млн. теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 102,2%.
Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 100,2% құрады.
Статистикалық деректер бойынша 3-6 топтағы 205,7 мың тонна асбест өндірілді, бұл өткен жылдың көлемінен 1,2%-ға аз. Құрамында алтыны бар кенді өндіру 0,5%-ға ұлғаюмен 3216,9 мың тоннаны құрады. Болат құю өндірісі (780 тонна) 29,1%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 20556,9 млн. теңгені, олардың ішінде ауыл шаруашылығы 20553,8 млн. теңгені, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 4312,3 млн. теңгені, өсімдік шаруашылығы өнімі –16241,5 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығының ЖКИ 144,3% құрады.
2022 жылғы қаңтар-қазанда мал мен құстың барлық түрлерін тірідей салмақта союға өткізу 35,3%-ға төмендеді (1657,7 тонна өндірілді), сиыр сүті 12,6%-ға (9983,3 тонна) төмендеді, тауық жұмыртқасы 0,5%-ға ұлғаюмен 3501 мың дана алынды.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 19,4%-ға азаюмен ІҚМ 17252 бас бар, оның ішінде сиыр - 7232 бас, бұл өткен жылғы деңгейден 23,4%-ға, қой 0,5%-ға (10746 бас бар), ешкі 8,3%-ға (742 бас бар), шошқа 20,3%-ға (990 бас бар) төмен.
Жылқы басы - 15,3%-ға ( 6001 бас бар), құс – 0,3%-ға ( 56134 бас бар) ұлғайды.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 66 бірлікке ұлғаюмен 1816 бірлікті, оның ішінде заңды тұлғалар – 22 субъектілерге ұлғаюмен 219 бірлікті, 39 субъектілерге ұлғаюмен жеке кәсіпкерлер саны – 1425 бірлікті, 5 шаруашылыққа ұлғаюмен шаруа қожалықтары - 172 бірлікті құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар. 2022 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 20,6%-ға азаюмен 9451 млн. теңгені құрады. Инвестициялардың ЖКИ – 73,9% құрады.
Құрылыс жұмыстары. 2022 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың деңгейіне 17,9%-ға немесе 621 млн. теңгеге азаюмен 2857 млн. тенгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының ЖКИ – 80,1% құрайды.
6713 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 3785 шаршы метр - аудандық бюджет қаражаты есебінен 11 шағын аудандағы № 18 көппәтерлі үйдің алаңы, тұрғындардың қаражаты есебінен жалпы алаңы 2928 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сауда. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 4001,2 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауданың ЖКИ – 102%.
Көтерме сауда көлемі 6958,6 млн. теңгені құрады. Көтерме сауданың ЖКИ – 116,5%.
Өмір деңгейі. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында аудан бойынша орташа айлық жалақы 13,2% өсіммен 239 626 теңгені құрады.
Қаржы.
Өткен жылдың ұқсас кезеңіне меншікті кірістер 2,7%-ға немесе 99,7 млн. теңгеге азаюмен аудандық бюджетке 3647,5 млн. теңге түсті. Аудан бюджетіне салық және төлем түсімдерінің болжамы 109,3% орындалды.