Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;
2) ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын;
3) сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатыла тұрсын;
4) карантин енгізілсін, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырылсын;
5) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, атаулы іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
6) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін.
1) төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қажетті қаражаттарды бөлсін;
2) медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған адамдардың жауаптылығының шаралары күшейтілсін;
3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
|
Қазақстан Республикасының |
Қ.Тоқаев |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы
|
Мамин |
- |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, комиссия төрағасы |
|
Қойшыбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, комиссия хатшысы |
|
Исекешев |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
|
Смайылов |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
Скляр |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
|
Тоғжанов |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
|
Мырзалин |
- |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
|
Нұрдәулетов |
- |
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
|
Мәсімов |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
|
Шәкіров |
- |
Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
|
Божко |
- |
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
|
Қасымов |
- |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы |
|
Ермекбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
|
Тұрғымбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
|
Абаев |
- |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
|
Бекетаев |
- |
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
|
Біртанов |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
|
Нұрымбетов |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
Атамқұлов |
- |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
|
Сұлтанов |
- |
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
|
Тілеуберді |
- |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
|
Дәленов |
- |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК